22.11.2024

Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орын алды

Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

«Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті. Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды», – деді министр.

World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы.

Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты.
Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА