06.11.2024

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ДРЕЗДЕН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ «IMPRESS» БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Марғұлан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев бастаған университет делегациясы Германияның Дрезден техникалық университетіне болды.
Іс-сапар аясында Славянтану институты және Білім беру және білім беру зерттеулер орталығымен (Zentrum fur Lehrerbildung, Schul- und Berufsbildungsforschung) ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректормен кездесу барысында Prof. Dr. Michael Kobel Дрезден университетінің студенттері үшін Марғұлан университетінде алты айлық тағылымдамадан өту туралы келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, Michael Kobel-дің бастамасымен неміс студенттері Павлодар қаласының мектептерінде педагогикалық тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, Марғұлан университетінің студенттерін Дрезден университетінде жаратылыстану циклінің қосарланған бағдарламалары бойынша тегін оқыту жоспарлануда. Одан бөлек Эразмус+ бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру және білім беруді зерттеу орталығының өкілдерімен және оның басшысы Dr. Alex Germann-мен келіссөздердің маңызды нәтижесі ретінде Марғұлан Университетінің “Impress” халықаралық жобасын іске асыруға қатысуын атап өтуге болады.
Бұл жобаның мақсаты – ғылыми-зерттеу және білім беру синергетикасы арқылы мұғалімдерді даярлаудағы интернационалдандыруды күшейту, сонымен қатар әлемде мұғалімдердің тапшылығына байланысты басқа салалардағы мамандарды мұғалімдік кәсіпке тарту. Студенттердің мәдениаралық құзыреттілігін арттыру, олардың шетелде ұтқырлығын арттыру басты назарда. Осы мақсатта «Impress» жобасы аясында мектептердің халықаралық желісі құрылып, халықаралық бағдарланған оқыту мен оқу форматтары сынақтан өткізілуде және трансшекаралық ғылыми алмасу бағытын дамыту жүргізілуде. Жоба DAAD бағдарламасы арқылы қаржыландырылады.
Жобаға барлығы 26 мемлекет қатысады. Олар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері. Биылғы жылы Қазақстан мен Австралия алғаш рет «Impress» жобасына қосылды. Білім беру және білім беру зерттеулері орталығының халықаралық университеттермен ынтымақтастық орнатуы мектептердің алдында тұрған жаһандық мәселелерге тиімді жауап беру болып табылады.
Марғұлан университетінің студенттері мен оқытушыларын «Impress» бағдарламасы аясында оқытудың бірінші кезеңі 2024 жылдың қыркүйегінде басталады.
Айта кету керек, Technische Universität Dresden (TUD) Еуропадағы жетекші және қарқынды дамып келе жатқан оқу орындардың бірі болып табылады. 2012 жылдан бастап Германиядағы ең үздік 11 университеттің қатарында. QS рейтингінде еуропалық университеттер арасында 43-ші орында.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА