Баласын тұрғылықты мекенжайы бойынша мектепке кіргізе алмай жүрген ата-аналар нені ескеру керек?
«Жалпы қалада мектеп орындарының тапшылығы бар екені баршаға мәлім. Сол тапшылықты шешу үшін 34 мектеп салып жатырмыз. Биыл соның 25-інде құрылыс аяқталады. Сондықтан қазір мектептерге тапсырма берілді. Бүкіл мектептер барлық баланы өздерінің тұрғын мекенжайлары бойынша оқумен қамтамасыз ету керек. Егер қамтамасыз етпей жатса, Білім басқармасының қасынан құрылған штабқа хабарласу керек. Оның нөмірлері: 55-68-70, 55-68-81, 55-68-87 және 55-74-62. Осы нөмірлерге хабарласса, біздің қызметкерлер балаларға, ата-аналарға көмектесуге дайын отыр», – деді Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.
Сонымен қатар, әкімдік өкілі астаналықтар баласының тұрғын мекенжай бойынша қай мектепке тіркелуі керек екенін Астана қаласы білім басқармасының ресми сайтынан көруге болатынын еске салды.