07.11.2024

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жыл соңына дейін жаңадан екі білім ұясы салынады

Нәтижесінде облыс орталығында қосымша 1800 оқушыға арналған жаңа орындар пайда болады. Құрылыстарды «Samruk-Kazyna» әл-ауқат қоры қаржыландырды.

Достық шағын ауданында бой көтеріп жатқан 1200 орындық мектеп 3 қабатты етіп салынып жатыр. Білім ордасын салуда барлық заманауи технологиялар мен ең жоғары стандарттар қолданылуда. Оқу кабинеттерінен бөлек, үлкен мәжіліс залы және үш спорт залы көзделген. Мектеп аумағында футбол, баскетбол, хоккей алаңдары, тренажерлар, воркаут, түрлі ойындарға арналған алаңдар, жүгіру жолдары және т.б. орналасады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тағы бір жаңа заманауи мектеп Қ. Мақпалеев атындағы №4 мектептің жанында бой көтереді. Оқу орны 600 орынға есептелген. Мамандар болашақ оқу ұясының іргетасын қалау және инженерлік желілерді салу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жайлы мектеп
Фото: Валерий Бугаев

Еске сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодарда жаңадан жалпы саны 5 білім ұясы салынады деп жоспарланған.

Тағы 3 мектеп те Павлодар қаласында тұрғызылады. Жобаны іске асырудың екінші кезеңінде мектептер Жастар, Усолка және Шығыс шағын аудандарында ашылады.

Жайлы мектеп
Фото: Валерий Бугаев

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА