22.11.2024

Биыл 156 мың колледж студенті диплом алады

Биыл 156 мың колледж студенті дипломалады. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты.

«Биыл 29 мамыр мен 10 маусым аралығында 9-сыныпта оқитын 341 242 бала қорытынды аттестацияны тапсыруды жоспарлап отыр. 11-сынып түлектері үшін мектеп бітіру емтихандары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Аттестаттарды салтанатпен табыстау рәсімі маусымның 12-15 күндері өтеді», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысындағы 9, Атырау облысындағы 3, Солтүстік Қазақстан облысындағы 5 мектеп оқушылары аралық және қорытынды аттестациядан босатылады. Мұнан бөлек, су тасқыны, болған өңірлердегі 2 622 мектеп оқушылары үшін білім алудағы олқылықты жою мақсатында жазғы мектептер ұйымдастырылады.

«Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 156 мың студент аяқтайды. Колледж түлектері үшін қорытынды аттестация 28 маусымға дейін аяқталып, дипломдарды табыстау 2 маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі», — деді Наталья Жұмаділдаева.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА