06.11.2024

Ақтөбелік оқушы балаларға қауіп төнсе хабардар ететін қосымша ойлап тапты

Ақтөбелік оқушы қыз жасанды интеллект жүйесін қолдана отырып, оқушыларға қауіп төндіретіні туралы құзырлы органдарға хабарлайтын қосымша ойлап тапты. Бұл Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектептің 10 сынып оқушысы Тұмар Смағұл жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін зерттеп, бірқатар зерттеулер жүргізіп, мектеп оқушыларына төнуі мүмкін қауіп туралы құзырлы органдарды хабардар ететін «NazarAI» қосымшасын әзірледі.

«NazarAI» қосымшасы жасанды интеллект арқылы бейнекамера материалдарын нақты уақыт режимінде өңдейді, адамды танып, оның мінез-құлқын модельдейді және қауіпті жағдайлар туралы жедел хабарлама жібереді. Қосымшаның бірнеше қызметі бар, соның бірі – мектеп табалдырығын аттаған оқушының бет-бейнесін тану және оның ата-анасына баланың оқу орнына қай уақытта түскені туралы автоматты түрде хабарлама жіберу. Хабарламада оқушының аты-жөні мен келген уақыты көрсетіліп, фотосы жіберіледі», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қосымшаның тағы бір функциясы – қауіпті анықтау. Егер зардап шеккен адам қауіп төнген сәтте екі қолын көтерсе, жасанды интеллект бейнеде адам мінез-құлқының компьютерлік моделін жасайды. ЖИ көтерілген қолдың бұрышының градустарын пайдаланып есептеулер жасай отырып, адамға қауіп төніп тұрғанын анықтайды.

Қауіпті анықтағаннан кейін қосымша адамның бейнесін анықтап, ақпаратты ашық Telegram арнасына жібереді. Бұл Telegram арнасында ішкі істер органдарының арнайы бөлімі тіркелген.

– Мектеп оқушысы ғылыми жетекшісі Ербол Қуанышұлымен бірге өз қосымшасын әзірлеуді жалғастырып, оның мүмкіндіктерін тағы да зерделейді, – деп атап өтті әкімдік.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА