23.11.2024

Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыларға баспана сыйлады

20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үй салып беріп жатыр.

Игі іске Созақ, Түлкібас, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларының жастары ұйытқы болды. Мәселен, «Бекзат» шағын ауданының жігіттері мұқтаж отбасыға, яғни 2020 жылы дүниеден өткен достары Жарқынбек Өтеповтің отбасына үй салып берді. Ал Ордабасы ауданы Темірлан ауылының түлектері жалғызбасты көпбалалы анаға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

отбасы
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Игі іс Созақ ауданында да жалғасын тапты. Созақ және Шолаққорған ауылындағы түлектер тарту еткен 2 үй әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Түлкібастық жастар салған баспана жалдамалы пәтерде күнелтіп жүрген жас отбасыларға табыс етілді.

отбасы
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында орналасқан А.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінің түлектері өздері білім алған мектепке спорт алаңшасын салып берді. Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген.

отбасы
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА