Home Жаңалық Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы математика олимпиадасында бақ сынауда

Қазақстандық оқушылар Өзбекстандағы математика олимпиадасында бақ сынауда

0

Өзбекстан астанасында «FEMO» VI халықаралық олимпиадасының финалдық кезеңі өтіп жатыр. Бұл сайысты Қазақстанның республикалық физика-математика мектебі ұйымдастырған.

Олимпиадада елімізбен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Грузия және Түркиядан келген 340 бала бақ сынауда. Сайыстың іріктеу кезеңдері бұған дейін Астана мен Алматыда өткен. Шешуші сынды Ташкентте ұйымдастыруға осы елдегі қазақстандық дипломаттар ұйытқы болған.

«Финалға 400-ге жуық бала өткенімен, сайысқа 340 адам қатысып отыр. Барлығы ата-анасымен келген. Бұл ретте интеллектуалды туризмнің дамып жатқанын байқауға болады», – деді Республикалық физика-математика мектебі басқарма төрағасының орынбасары Алмас Күнғожин.

Білім бәйгесі ауқымды көлемде ұйымдастырылған. Мақсаты – балалардың математикаға деген қызығушылығын дамыту әрі ел көріп, жер тануына жағдай жасау. Олимпиаданың ашылу салтанатына Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов қатысып, өрендерге сәттілік тіледі.

«Біз Шымкент қаласынан келіп қатысып отырмыз. Ташкентке 3 бала алып келдім. Қазіргі таңда оқушыларым республикалық деңгейдегі олимпиадаларда чемпион атанып жүр», – деп мәлім етті қазақстандық мұғалім Мәулен Мехкам.

Финал екі кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, оқушылар жеке және топтық сында шеберлік байқасады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version