Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл – әзірге еліміздегі ең жоғары көрсеткіш.
Айдос Хайроллаұлы Қожанов Кентаудағы Юрий Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейде 10 жыл білім алып, 11-сыныпта Грант мектебіне ауысқан.
Жігіт математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді.
Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11 сыныпты 32 306 оқушы бітірді. Оның 1727-сі «Алтын белгіге», 2466-сы «Үздік аттестатқа» үміткер.