22.11.2024

«Жайлы мектеп»: Кейбір білім ордасын салуға жер учаскесі бөлінбеген

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі эксперттік-сараптамалық іс-шаралармен қамтылды. Бұл жайында Жоғары аудиторлық палатадан мәлім етті.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі эксперттік-сараптамалық іс-шаралармен қамтылды. Оның қорытындысына орай мектептердң жобалық-сметалық құжаттамасыз салыну фактілерін атап өткен жөн. Жекелеген мектептерді салуға жер учаскесін бөлу мәселесі шешілмеген. Жалпы, аталған жобаны жүзеге асыру барысында анықталған кемшіліктер қаржыландырудың бүкіл сомасының 38 пайыз ғана игеруге алып келген», – деп атап өтеді палатадан агенттіктің ресми сауалына орай.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» атты екі пилоттық ұлттық жобаны іске асырудағы кемшіліктерді атаған болатын.

«Жоғары аудиторлық палата «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» атты екі пилоттық ұлттық жобаның іске асырылуына аралық бағалау жүргізді. «Жайлы мектеп» жобасында әрбір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалатын шығындардың шарт сомасынан 3% дейін ұлғайтылғаны анықталды. Жалпы 26 ЖСҚ құны есеп айырысу құнымен салыстырғанда 45 млрд теңгеден асқан», – деді Н. Нұржанов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА