22.11.2024

500 мыңнан астам баланы мектепке даярлауға қаражат бөлінді

Әкімдіктер 500 мыңнан астам баланы мектепке даярлау үшін қаражат бөлді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

«Жыл сайын қолдауды қажет ететін отбасы балаларына мектептер арқылы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл шараның негізгі мақсаты — мұқтаж ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін қолдау көрсету. Материалдық көмек киім-кешек, оның ішінде мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдарын сатып алу үшін бөлінеді. Осы мақсатта әкімдіктер 500 мыңнан астам баланы мектепке даярлау үшін тиісті қаражатты бөлді», — деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, материалдық көмек көлемі барлық өңір үшін соңғы үш жылда 2,5-ке артты.

Нақты айтқанда, 17 мыңнан, 43 мың теңгеге өсіп отыр.

«Қазіргі таңда өңірлер мектеп жинақтарын сатып алу үшін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың есепшотына қаражатты аударуды бастады. Ата-аналар қажетті тауарларды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатты ұсынулары керек. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазады. Бүгінде ата-аналардың есепшотына 3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, 77 мыңнан астам бала қамтылды», — деді Насымжан Оспанова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА