22.11.2024

Ақмола облысында баланы мектепке қабылдамай қойған

Ақмола облысында мектеп баланы қабылдаудан заңсыз бас тартқан.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, департаментке бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламасы бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжат қабылдау және оқуға қабылдау қызметін ала алмаған азамат жүгінген.

Шағымды қарау барысында Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі Мемлекеттік қызметтер туралы заңның 19-1 бұза отырып, мұндай шешім қабылдаудың себептерін көрсетпей, қызмет көрсетуден бас тартқаны анықталды.

Мектеп әкімшілігі мұндай деректің орын алуын аталған мемлекеттік қызмет көрсетілетін ақпараттық жүйеде себептерді көрсету мүмкіндігінсіз мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін ғана негіз (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме) көзделгенімен түсіндірді.

«Өтінішті қарау барысында департаменттің лауазымды тұлғалары арыз иесі мен мектеп басшылығына тиісті түсіндірме беріп, нәтижесінде бала мектепке қабылданды», — деді ведомстводан.

Айта кетсек, бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім мекемелері дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.

Қызмет алушылардың құқығын қорғау мәселесі департаменттің тұрақты бақылауында.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА