21.11.2024

11 жасар оқушы суға батып бара жатқан қызды құтқарды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылындағы Ғұсман Абдуллин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы, 11 жасар Аманат Жасқайрат ерлігімен көзге түсті.

Аталмыш мектептен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде болған.

Аманат анасы Меңді Қуанышбековамен бірге нағашы ағасының үйіне қыдырып келе жатып, кішкентай қыздардың «Құтқарыңыз, суға батып барады!» деген даусын естиді.

Кент аумағындағы жылыжайды суаруға арналып жасалған терең су арнасында тұншығып жатқан қызды көре сала ойланбастан құтқаруға ұмтылған.

Өзі бірге батып-шығып жүріп, жоғарыда тұрған анасының қолына қызды ұстатып, екеуі жағаға шығарған.

Аманат дереу алғашқы көмек көрсетіп, кеудесіне массаж жасаған кезде қыз жылап, есін жиып, ояныпты.

Қыздың ата-анасы да келіп, алғысын айтқан.

бала
Фото: Ғ.Абдуллин атындағы мектеп

«Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды судан аман алып шыққан Аманатты марапаттау іс-шарасын 1 қыркүйек – Білім күні өткізуді ойластырып отырмыз. Осындай ержүрек ұл тәрбиелеп отырған ауыл тұрғыны Тасболат Ақышев пен әріптесіміз, кіші қызметкер Меңді Қуанышбековаға ризашылығымызды білдіреміз», деді Kazinform тілшісіне мектеп директоры Нұртолқын Машанова.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА