07.11.2024

Диссертация жазғанда, жасанды интеллект қолдануға рұқсат беріледі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертация жазғанда жасанды интеллект қолдану ережесін түсіндіріп берді.

«Жасанды интеллектімен жұмыс істеу тақырыбында біз қазір жоғары білім саласында өзіміздің заңнамалық ережелерімізді өзгертіп келе жатырмыз. Мысалы, енді диссертация жазғанда, магистрлік, докторлық немесе студенттік жұмыстарды жазғанда, жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат береміз. Тек бір шартпен – міндетті түрде «Бұл мәтін ЖИ көмегімен жасалған» деп көрсету керек. Сонда бағалаушы оқытушы студенттің ЖИ-ді қалай қолданғанын қарайды», – деді Ғылым министрі елордада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты Тамыз саммитінде.

С. Нұрбек жасанды интеллект – әлеуетті арттыратын өте қуатты құрал екенін атап өтті.

«Менің де жеке позициям, басқа да сарапшылар мұнымен келісіп отыр – жасанды интеллектіден қорықпауымыз керек, оны түсіне білуіміз керек және ақырындап бірінші кезекте оқытушыларымызды, сосын оқушыларымызды ЖИ-ді дұрыс қолдана білуді үйрету керек. Ол әлеуетті арттыратын өте қуатты құрал, бірақ оны түсінбесек сыртта қаламыз деген қауіп бар», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова колледж озаттарын ЖОО-ға емтихансыз қабылдау тәжірибесін қайтару керек деген болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА