22.11.2024

Мектептен ақша жымқырған бухгалтер 7 жылға сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша мектеп бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі қарады.

2019-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы гимназиялардың бірінің бас есепшісі Н. оқу орнының банктік шоттарына қол жеткізе отырып «Интернет-банкинг» электронды жүйесі арқылы өзінің жеке шотына, сондай-ақ, басқа тұлғаның шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударып отырған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 23 миллион теңге.

Сотта сотталушы Н. өз кінәсін толық мойындап, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Прокурор сотталушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сотталушы Н.-ны кінәлі деп танып, өз кінәсін мойындауының, куәгерлердің айғақтарының, маманның қорытындысының негізінде оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.

«Жаза тағайындау кезінде сот Н.-ға жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде: жасаған қылмысына өкінуін, материалдық залалды жартылай түрде өтегендігін, жас баласының болуын ескерді. Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады», – деп хабарлады қалалық соттан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 114 млн теңгеге жалған брендтік киімдерді сатқан адам сотталғанын жазғанбыз.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА