06.11.2024

«Самұрық-Қазына» қолдауымен қазақ-неміс мектебі ашылады

Астанада қазақ-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсуланы салу рәсімі өтті. Шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орай ұйымдастырылды.

Астанада қазақ-неміс мектебін салу жобасы Қазақстан Пре­зидентінің 2023 жылы Гер­манияға сапары аясында қолға алынған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айшықты бел­гісіне айналатын мектеп салу мүмкіндігін қарастыруды тап­сырған еді.

Жоба «Возрождение» Қазақ­стан немістері бірлестігі мен «Самұрық-Қазына» ұлт­­тық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкім­дігі, Оқу-ағарту министрлігі және Германия стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге көмектесетін Гер­мания Федералды сыртқы істер министрлігі қол­дауымен жүзеге асырылады. Мектеп 600 отандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім беретін шетелдегі неміс мектептерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналады.

Астанадағы қазақ-неміс мек­тебі Германияның білім стан­дарттары бойынша оқытатын Орта Азия­дағы алғашқы мектеп болады. Оқу бағдарламасы түлектер Қазақ­станда да, Германияда да мо­йындалған аттестат ала алатындай етіп құрылған. Бұл оларға қо­сымша дайындық және қабылдау емтихандарынсыз Германияның жоғары оқу орындарында оқуды жал­ғастыруларына мүмкіндік бе­реді.

Жоба бастамашыларының айтуынша, құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал 2026 жылы мектеп алғашқы оқушыларға есігін айқара ашады. Аталған жоба Қазақстанда білім сапасын арттыруға ғана емес, екі ел ара­сындағы мәдениет және білім саласындағы байланысты нығай­туға да ықпал етпек.

Айта кетейік, жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы қаржыландырылады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА