07.11.2024

Жекеменшік мектептерге арналған қосымша қаражат сомасы айқындалды

ҚР Оқу-ағарту министрілігі жекеменшік мектептердегі қаражат мәселесіне қатысты түсінік берді.

«Қазіргі кезде министрлік 2024-2025 оқу жылына арналған жаңа қабылдауды ескере отырып, жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қосымша қажет соманы айқындады. Бұл тұрғыда жасалған есеп-қисап Қаржы министрлігіне жолданды», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айының басында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердегі мәселені көтерді. Оның айтуынша, 2024-2025 жылға жекеменшік мектептерге қосымша қаражат бөлу мәселесі Республикалық бюджеттің нақтылауы болмағандықтан, шешілмей тұр.

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы 677 жекеменшік мектепте 251,3 мың оқушыны қамтып, 2024 жылы республикалық бюджеттен 133,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Алайда, 2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша бұл соманың 103,5 млрд теңгесі игерілген, қалған 30,4 млрд теңге тек 1 айға қаржыландыруға жеткілікті», – деді депутат.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА