АҚШ-тың Флорида шығанағы жағалауына «Хелен» тропикалық дауылы жақындап қалды. Осыған байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан стипендиаттармен үнемі байланыста екенін айтып, ресми хабарлама жасады.
«Хелен» тропикалық дауылы туралы ақпаратты 23 қыркүйек күні Ұлттық дауылды бақылау орталығы (NHC) хабарлады. Ең жойқын тропикалық дауылдың жақындауына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы жағдайды қадағалап, аймақтағы стипендиаттармен үнемі байланыста екенін хабарлады. Флорида шығанағы жағалауында Дауыл 26 қыркүйекте болады деп күтіліп отыр.
«Флорида штатының төрт университетінде — Florida State University, University of Florida, University of South Florida және University of Miami — Қазақстаннан 31 стипендиат оқиды. Бұл оқу орындары уақытша жабылды. Барлық стипендиаттарға қауіпсіздік шаралары хабарланды және жергілікті биліктің ұсыныстарын орындалып жатыр, біздің кураторлар стипендиаттарымызбен байланыста, — деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Тукушева.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
Халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиаттарды сақтық шараларын сақтауға және өз қауіпсіздігіңіз үшін байланыста болуға шақыратынын жеткізді.