22.11.2024

Колледж бітіргендерді неге жұмысқа көп ала бермейді

Бүгінде Жамбыл облысындағы 42 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 27 мыңнан аса жастар 103 мамандық бойынша білім алып жатыр. Оның 70 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.

Сондай-ақ 10 мемлекеттік колледжде 4 ауылшаруашылық мамандықтары бойынша мамандар даярланып жатыр. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі ауылшаруашылығы мамандықтарына берілген.

2023 жылы 287 орын бөлінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 303-ге жетті. Осы 10 колледжде дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, 1214 студент қамтылып, 152 шаруа қожалықтарымен 1214 келісім-шарттар жасалған.

Биылғы оқу жылында колледж дипломын алған 3 533 түлектің 480-і ауылшаруашылық саласы бойынша мамандар. Алайда 480 түлектің 144-і, яғни 30 пайызы ғана жұмысқа орналасқан.

Тағы 18 түлек жоғары оқу орындарына қабылданыпты.

– Иә, колледж түлектерін тұрақты жұмыс орындарымен қамту мәселесі бар. Сондықтан кәсіпорын, жұмыс берушілерге кепілдендірілген қажеттілікті ұсыну міндеттелсе деген ұсыныс бар. Колледжді бітірген түлек жұмыс беруші ұсынған қажеттілікке сай жұмысқа орналасатын болса дұрыседі. Бұған қоса жұмыс берушілердің тарапынан колледж түлектеріне зейнет ақы төлеу қоры арқылы тиісті аударымдар жүйелі түрде жіберілсе. Өйткені қызмет көрсету саласы бойынша ресторан, машина жөндеу, шаштараз салондары қолма-қол төлем жасаумен құтылады. Сондай-ақ колледждердің ақылы қызмет көрсетуін жандандыру мақсатында аудан әкімдіктері барынша қолайлы жағдайлар жасап, ауылшаруашылық мақсатында жер телімдерін, ірі сауда орталықтарынан орындар бөлсе дұрыс болар еді, – дейді Жамбыл облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде облыстағы 9 мемлекеттік колледждің иелігінде 894 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімі бар. Бұл егістік жерлердің 70 пайызы игерілген. Және 10 колледжде 73 техника, 57 қосалқы техника жұмыс істейді. Техниканың 28-і 2020 жылы «Жас маман» жобасы аясында алынған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА