06.11.2024

«Заңсыз «Мақсатты мектеп» жобасы тоқтатылсын!» деп мәлімдеді депутат

Бірнеше айдан бері қазақстандық ұстаздарды негізгі міндетінен алыстатып, бос әурешілікке салып отырған «Мақсатты мектеп» жобасына қатысты депутат Жұлдыз Сүлейменова «жоба тоқтатылсын!» деп мәлімдеді.

«Ұстаздарды қолдаудың орнына сабақпен қабаттастырып оқытып, артық жүктемемен қинап жатқан, не қаулысы, не бұйрығы жоқ, не педагогикалық қауымдастықпен жария талқыланбаған мақсаты белгісіз «Мақсатты мектептер» жобасы ТОҚТАТЫЛСЫН!

Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңды және жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Егер бұл үдеріс заңсыз болса немесе қажетті жария талқылаулар мен ережелер сақталмаса, онда бұл білім сапасына және ұстаздардың кәсіби дамуына теріс әсер етеді. Әлеуметтік желілердегі ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖАНАЙЫҚАЙЫ осының дәлелі.

«Мақсатты мектептер» жобасы ұстаздарды қолдаудың орнына артық жүктемемен қинап жатқандығы туралы ұстаздардың пікірлерін ескере келе, бұл жоба бойынша ашық қоғамдық талқылау өткізілмегендігін және ресми шешім Үкіметтің қаулысы немесе Уәкілетті мемлекеттік орган бұйрығымен рәсімделмегендігін негізге ала отырып, жобаны тоқтату қажет деп санаймын.

Мұндай бастамалар, егер тиісті заңнамалық рәсімдерден өтпесе және ұстаздарға қолдау көрсетудің орнына қиындықтар туғызса, қайта қарастырылуы тиіс.

Жоба ресми мақұлданбаса, педагогикалық қауымдастықпен талқыланбаса және операторларға жұмсалатын қаражат нақты қаулы немесе бұйрықпен негізделмесе жобаны жалғастыру қисынсыз» деп жазды депутат Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік парақшасында.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА