22.11.2024

Tалапкерлер мамандық таңдай бастады

Еліміздегі барлық оқу орындарында 23 шілдеден бастап қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады. Шекті балға жеткен барлық үміткерлер Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім алу гранттарын иеленуге үмітті. Әр талапкер өз мүмкіндігіне қарай мамандық таңдай бастады.
Еске салайық, білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін кем дегенде 50 балл және Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін кемінде 70 балл, соның ішінде бейіндік пән бойынша 7, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет. Гранттар ҰБТ мен АКТ сертификаттарының баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жүргізіледі, ал нәтижелер 15 тамызға дейін белгілі болады. Білім беру гранттарын иеленген түлектердің тізімі университеттерде және мемлекеттік БАҚ-тарда жарияланады. Ақылы негізде оқитын абитуриенттердің құжаттары 10- 25 тамызға дейін қабылданады.
Ескерте кетейік, 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi.
Министрлiктiң мәлiметi бойынша, 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант – педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.
Естеріңізде болсын, білім беру гранттарын иеленген түлектердің тізімін порталымызда жариялайтын боламыз.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА