1 қыркүйекте Астанада орналасқан 83 мектептің бәрі есігін айқара ашады. Атап айтқанда, 71 мемлекеттік және 12 жеке меншікті мектеп. Онда 94 712 оқушы білім алады.
«Жыл соңына дейін Астанада 8 мектеп ашылады деп жоспарлануда. Оның алтауы қыркүйек айында тапсырылмақ. Жаңа мектептер Сейфуллин көшесі мен қаланың сол жағалауында орналасқан», – деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.
Оның бірі 1 қыркүйекте оқу бастағалы отырған №73 физика-техникалық лицей. бұл мектепрге оқушы қабылдау жүргізіліп жатыр.
Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаладағы жалпы білім беру мекемелерінде 6038 педагог қызмет етеді.