07.11.2024

Халықаралық олимпиадалар қорытындысында Қазақстан алдыңғы орында келеді

Биология және информатикадан Халықаралық олимпиадаларды өткізу қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы 3 күміс және 4 қола жеңіп алған, – деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.

Көптеген жылдар бойы қазақстандық оқушылар әлем мемлекеттері арасында пәндік интеллектуалдық сайыстар бойынша алдыңғы орында келе жатыр.

Соның бір дәлелі физикадан 45-ші Халықаралық олимпиаданың қорытындысы, онда Қазақстанның құрама командасы әлемнің 85 мемлекеті ішінен 8 орынға ие болды (3 алтын, 2 күміс). Анығырақ айтсақ, «алтын» медальді Әмір Бірәлин, Тұрсынбек Нұрислам және Иса Данат иеленді. Ал Нұрбек Дінмұхаммед пен Дәулет Құрмантаев«күміс» жүлдені еншіледі.

Биология және информатикадан Халықаралық олимпиадаларды өткізу қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы 3 күміс және 4 қола жеңіп алған, соның ішінде:

ibo2014_logo_baruБиологиядан Халықаралық олимпиада (IBO)

5-13 шілде 2014 ж. (Бали а., Индонезия)

Т.А. Мектебі жүлдесі
1 Когай Роман қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы, Тараз қ, қола медаль
2 Хван Антон қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы, Тараз қ, қола медаль
3 Жұмаділ Хафиз қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы, Тараз қ, қола медаль
4 Ораков Аскарбек №9 қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы, Қызылорда қ, күміс медаль

Қазақстан әлемнің 61 мемлекеті ішінен 19 орынға ие болды. 

1000569_187477678095092_1351877048_nИнформатикадан Халықаралық олимпиада (IOI)

13-20 шілде 2014 ж. (Тайвань)

Т.А. Мектебі жүлдесі
1 Мырзакерей Мирас РМФМОМИ 11 сынып оқушысы, қола медаль
2 Адильбеков Улугбек қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы, Тараз қ, күміс медаль
3 Мамешов Данияр қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы, Алматы қ, қола медаль
4 Жусупов Нурлан РМФМОМИ 11 сынып оқушысы,  грамота

 kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА