22.11.2024

Алматыда қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны 12 есеге артқан.

Алматыда қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны 12 есеге артқан. Бұл туралы қала басшысы Ахметжан Есімов «Ана тілім – ардағым» фестивалі барысында айтты, – деп хабарлайды baq.kz.
«Қазір өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрену мақсатында балаларын қазақ тіліндегі балабақшаларға, мектептерге берушілердің қатары көбейіп келеді. Қаламызда 201 мемлекеттік мектеп бар. Олардың 62-сі қазақ тіліндегі мектеп болса, 68-і аралас мектеп. 1989 жылы Алматыда 7-ақ қазақ мектебі болса, қазір олардың саны 62-ге жетті. Тәуелсіздік алған жылдары 8 мың бала қазақша оқитын. Олардың саны 12 есеге артып, қазір Алматы мектептерінде 90 мыңнан астам бала қазақ тілінде оқиды»,- деді А.Есімов.
Әкімнің баяндауынша, бұрын қазақ тілінде оқыту ЖОО-да тек педагогикалық мамандықтарға ғана тән болатын. Қазір барлық мамандықтар бойынша қазақша топтар ашылған.
«1989 жылы қазақ тілінде оқитын студенттердің үлесі 4 пайыз болса, қазір 51 пайызға жетті. Тіл мәселесін балабақшадан бастау да өз нәтижесін бере бастады. Алматылық бүлдіршіндердің 70 пайызы қазақ балабақшасына барып жүр. 7 мыңнан астам өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ балабақшаларына беріп келеді», – деп қорытындылады қала басшысы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА