22.11.2024

Мұғалімдер қағаздан толығымен бас тартуға дайын емес

Еліміздегі мұғалімдер «e-learning» жүйесіне көшіп, қағаздан толығымен бас тартуға дайын емес. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды6 – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тоқтала кететін жайт, онда еліміздегі ақпараттандыру жобаларының жүзеге асырылуы талқыланған болатын.

«e-learning» жобасының басты мақсаттарының бірі – мұғалімді тікелей оқу үдерісімен байланысты емес функциялардан босату болатын. Шындығында, мұғалімнің оқуды жоспарлау, тапсырмалар беру, оны тексеру, секілді жұмыстары бастан асады, есеп берулер де өте көп. Сонымен қатар, мұғалім өзінің уақытының 30 пайыздан астамын оқытудан бөлек жұмыстарға жұмсайды», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі 1559 мектептегі мұғалімдердің 70 пайызы «e-learning» жүйесін пайдаланып жүр. «Шындығында бүгінгі күні мұғалімдердің жұмыстары қосарланып жатыр. Сондықтан да, бұл бағытта ең алдымен қағаз бойынша жұмыстардың бір-бірін қайталануын болдырмау керек», – деді Руслан Еңсебаев.

Сөз арасында жиынға қатысып отырған вице-спикер Дариға Назарбаева «Мұғалімдер бүгін қағаздан бас тартуға дайын ба?» деген сұрақ қойған болатын. «Әрине, бүгінгі күні барлық мектептер сақадай сай тұр, барлығы дайын деп айта алмаймыз»- деді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

«Елімізде 293 мың педагог бар, соның жыл сайын 8 мыңы осы жүйемен оқиды, сонымен қоса, жыл сайын жаңадан 10-12 мың педагог қызметке келеді. Сондықтан да, бүгінгі күні толығымен қағаздан бас тарта аламыз деп айтуға ертерек», – деді Ж. Жонтаева.

Өз кезегінде вице-спикер «e-learning» жобасының тиімсіз болып отырғанын алға тартты. «Бұның бәрін не үшін айтып отырмыз, ақпараттық технологиялар «e-learning» жобасын әзірлегенімен, оны пайдаланатын кадр болмаса оған жұмсалған қаражат құмға сіңген судай. Жүйе бар, енгізуге тырысып жатырсыздар, алайда білім жүйесі оған дайын емес», – деді Д. Назарбаева.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА