22.11.2024

Жан, мінез тәрбиесіне байланысты 10 өсиет

Әли ибн Әбу Талибтен жан, мінез тәрбиесіне байланысты 10 өсиет:

• Адамдар ғылымға қарағанда, тәрбиеге көбірек мұқтаж.

• Сен үшін жақсы және нашар адам тең болмасын. Әйтпегенде, жақсысының игі істерге деген құлшынысы жоғалып, нашары одан да төмен әрекеттер жасайтын болады.

• Аз бергендігіңнен ұялма. Ештеңе бермеу – одан да аз.

• Тіліңнің өткірлігін (шешендігін) саған сөйлеуді үйреткен анаңа жұмсама.

• Сен – аузыңнан шықпаған сөздеріңнің қожайынысың. Айтып болғаннан кейін, олар – сенің қожайының.

• Адамға байлығы мен денсаулығына арқа сүйеудің қажеті жоқ.Дені сау кез келген уақытта ауырып қала алады, ал бай бір сәтте кедейленуі мүмкін.

• Білімсіз жасалған құлшылықта, түсінік жоқ білімде қайыр жоқ.
• Ақылсыздықпен басталып, өкінумен аяқталатын ашудан сақтаныңыздар.

• Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз шығады.

• Ең үлкен байлық – ақыл-парасат. Ең үлкен мұра – тәлімді тәрбие. Ең үлкен кедейлік – надандық.

Асыл арна теларнасының фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА