22.11.2024

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАРЫ

Пән олимпиадасы ғылымның алғашқы басқыштары, пән олимпиадасына дайындық, адамның оқушы кезеңіндегі мидың ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көз қарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс. Болашақ қазақ ғалымдары да бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғылым ол болашақта қазақ ғылымына локамотив боларына сеніміміз кәміл. Сол үшінде азды-көпті шұғылданған жұмыстарымызды пайдаланып, тәжірибемізді жинақтап, олимпиадаға бағытталған жоспарды оқырмандарыма ұсынып отырмын.

Бастысы жүйелі дайындық және тынымсыз еңбек пәндік олимиаданың шыңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий. Сол үшіде әр сынпты жүйеге түсіре еңбектену бәрімізге таптырмас болашақ силары хақ.

Сонымен химия пәнінен олимпиадаға дайындалудың біз таңдаған негізгі бағыты өмендегідей:

8-сынып оқушысы үшін бейорганикалық химия мен жалпы химиядан базалық білім болғаны дұрыс, сегізінші сынып соңына дейін ертінді, газ және қатты зат қоспалары, электролиз және пластинка тақырыбындағы есептерге толық дайын болғаны абзал. Ал, органикалық химиядан көмірсутектер (алкандар, алкендер, алкиндер, арендер,т.б) тақырыбын толық меңгергені дұрыс
Ұсынылатын кітаптар:
1. Сборник задач по химии (Г.П. Хомченко И.Г. Хомченко)
2. 2400 задач по химии с решениями (Н.Е. Кузменько, В.В. Еремин)
3. Олимпиады по химии (И.И. Кочерга, Ю.В. Холин, Л.А. Слета, О.А. Жикол, В.Д. Орлов, С.А. Комыхов)
4. Сборник олимпиадных задач по химии (Т.П. Адамович, Г.И. Васильевна, С.А. Мечковский, В.И. Тыворский)
5. Задачи по химии (Середа)
9 — сынып оқушылары үшін жалпы химия мен бейорганикалық химиядан тереңдеген білім болуы керек. Сонымен бірге бейорганикалық химия мен органикалық химияның негізгі теорияларын білуі керек. Органикалық химиядан көмірсутектермен бірге оттекті органиклық қосылыстар және амин, аминқышқылдары туралы толық базалық білім болуы керек.
Электролиз және қоспа туралы есептермен бірге бейорганикалық, органикалық реакцияларды пайдаланып шешілетін есептер көптеп кездеседі.
Жұмбақталған бейорганикалық есептер мен органикалық заттардың формуласын табуға арналған есептерге де мән берген жөн.
Ұсынылатын кітаптар:
1. ХФУ (химия формула успеха)
2. Задачи по химии (П. Будруджак)
3. Сборник задач по химии повышенной трудности (В.К. Николаенко)
4. Химические олимпиады в школе (Чуранов С.С.)
5. Типавойных задачи (Белавин)
6. Сборник задач по химии Повышенной сложности (Леонтьев А.Е.)
7. Задачи химических олимпиад (Сорокин В.В. Загорский В.В. Свитанько В.В.)
8. Справочник по общей химии (Глинка) (на лето)
10-сынып оқушылары жалпы химия, бейорганикалық химия, элементтер химиясы және органикалық химия мазмұндары, маңызды теориялары толық қамтылады. Сонымен бірге, аналитикалық химия мен физикалық химия есептерінің алғашқы бастамалары толық кездеседі.
Ұсынылатын кітаптар:
1. Всероссийские химические олимпиады (9-10-11 класс,1998-2014)
2. Задачи и вопросы по аналитической химии (Е.Н. Дорохова, Г.В.
Прохорова)
3. Общая и неорганическая химия (Ахметов)
4. Современный курс общей химии 1,2-том (Хаускрофт. К., Констебл Э.)
5. Основы органической химии 1-2 том (Дж. Робертс, М. Касерио)
6. Organic chemistry (John E. McMurry)
7. Задачи по органической химии (Курц, Реутов)
11-сынып оқушысы
10-11сыныптың негізгі тақырыптары обылыстық және республикалық олимипадаларында бірдей. Соңғы жылда аналитикалық және физикалық химия тереңдеумен бірге, биологиялық химияның алғашқы сатысы мен кванттық химия есептері қамтылады.
Сонымен бірге ескертетін бір мәселе, 10-11 сынып оқушылары жоғары матемтика ұғымдарын толық білген дұрыс. Мысалы, логарифм, туынды, Интеграл, Тригонометрия (міндетті емес).
Ұсынылатын кітаптар
1. Основы физической химии. Теория и задачи (В.В. Еремин)
2. Теоретическая и математическая химия (В.В. Еремин)
3. Менделеевская олимпиада 1998-2014гг
4. Физическая химия (П. Эткинс) (Physical chemistry (P.Atkins))
5. Жоғары математика курысы (Айдос)
Сонымен бірге әр жылы, әр жылдықта облыстық және республикалық олимпиадаларда үнемі кездсетін бейорганикалық заттар арасындағы генетикалық байланыс, органикалық заттар арасындағы химиялық байланыс, тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтау, электрондық және жартылай иондық байланыс әдістерімен теңестіру секілді тақырыптарды ұмыт қалдырмаған абзал.

Аятжан Ахметжан. Астана 2015 жылы ақпан.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА