22.11.2024

Қыз балаларды ұлттық педагагогика негізінде еңбекке тәрбиелеу

Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50- елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Бұл ХХІ –ғасыр білім саласыындағы қызметкерлер үшін, яғни мұғалімдер қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болуы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған.

«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» – деп Әл- Фараби айтқандай, оқушыларға рухани тәрбие беруде технология пәнінің алатын орны ерекше.

Адамның өмірі үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы қүшін аса қажетті пән. Баланы тәрбиелеу дегеніміз – оқушының тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы басқару.

Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне бөліп қарап, ұлды шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйытқысы ретінде тәрбиелеп отырған. Қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Мектептегі технология пәнінде қыз балалар бөлек білім алатындықтан, пәннің ерекшелігіне сай білім мен тәрбие қатар берілетіндіктен технология мұғалімі «Сегіз қырлы, бір сырлы болуы» керек деп ойлаймын.

Мәшһур Жүсіп Көпейұлының аңыз әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде мынадый қанатты сөз бар:  «Адамның қара басында үш асыл қасиет бар. Асылдығы бірінен – бірі өтеді. Бірі – көз, бірі –көңіл, бірі – ақыл».

Қыздарымызды әсемдікке тәрбиелеуде осы жазушының айтқанындай , әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделі болуға, ақылмен ойлануға жетелейтін ұстаздар қауымы.  Халқымыз қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың нышаны ретінде қолданады. Қыз бала тәрбиесі ата-анага үлкен сын. Жүн түту, кесте тігу, құрақ құрау т.б өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып –ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы обтбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дарытып, еңбекке даярлай бастаған. Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында балалар мен жастарды тәрбиелеуде ең көкейкесті мәселелері ретінде білім мекемелерінде оқушылардың этносмәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу айтылған. Сондықтан технология сабағын қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру өте қажет.  Қазіргі таңда ұлттық тәрбие мәселелерін дамытуды, кеңейтуді алддымызға мақсат етіп қойып отырмыз. Себебі, ұлтты ұлт ететін оның тілі, дәстүрі, мәдениеті. Өткенін білмеген болашаққа жол салып жарытпайды» – дейді, дана халқымыз. Енддеше ата-бабаларымыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерін зерттеп, біліп, үйреніп, шеберлігін үлгі тұта отырып халықтық педагогикамен тәрбие жұмыстарын жүргізу ұстаздың парызы.

Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтімен, ана әлдиімен, атаның қасиетті сөздерінен ббастау алады. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне халық педогогикасының алатын орны ерекше деп білемін. Шәкірттерді салт-дәстүрге, өнерге, шеберлікке баулып, халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеуді өзіме мақсат етіп келемін.

Сонымен технология сабағынығ қыз бала тәрбиесіне ықпалы зор, салт- дәстурді дәріптей отырып, күнделікті өмірде соны сақта деп үйрету арқылы қыздарымызды нағыз қазақтың қызы етіп тәрбиелейтінімізге сенемін.

Аманова Назым Жанадиловна

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА