07.11.2024

Биыл елорда мектептерін 4 440 оқушы бітіреді

Мектеп түлектері мәре сызығына жақындап келеді – басты емтиханға санаулы айлар ғана қалды. Биылғы тестілеудің негізгі ерекшеліктері жайлы Астана қаласының Білім беру басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ботагөз Жүнісова айтып берді, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Оның айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универистеті, ҚазГЗУ және С. Сейфуллин атындағы АТУ базасында өтеді. Жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тестілеудің ыңғайлы әрі сәтті өтуі үшін ҰБТ барлық пункттерінде қажетті жағдайлар жасайтын болады.

2014/2015 оқу жылындағы түлектер бұрынғыдай Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Сәйкесінше, қорытынды балл түлектің мектепте алған білімінің қорытынды бағасы болып саналады, сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарының біріне түсуге мүмкіндік береді. ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша өтеді: Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептерде), орыс тілі (қазақ тілінде білім беретін мектептерде), таңдаған мамандығына қарай таңдалған пән. Таңдау пәнінің және мамандықтар тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген. Түлектер ҰБТ-да таңдаған пәніне сәйкес келмейтін мамандықты тапсыра алмайды. Тестілеу барысында үш жарым астрономиялық сағат – 210 минут беріледі. Әр пән бойынша 25 тест тапсырмасына жауап беру керек. Мектеп бітірушілер ҰБТ орнына, дәстүрлі емтихан тапсыруға құқылы. Бірақ, «Алтын белгіні» растау, Қазақстанның кез-келген жоғарғы оқу орнына ақылы немесе бюджеттік негізде түсу, сондай-ақ, ерекше үлгідегі аттестат алу үшін ҰБТ тапсыру міндетті болып табылады.

Биыл елорда мектептерін 4 440 оқушы бітіреді. Олардың 186-сы «Алтын белгіге» үміткер, 120-сы ерекше үлгідегі аттестат алады. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, былтыр 3252 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА