22.11.2024

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын әзірлеуі тиіс – Елбасы

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беруді дамытудың жол картасын әзірлеуі тиіс. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» атты ХХІІ сессиясында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біздің мемлекетіміздің бәріне ортақ бір үлгі қажет. Бұл үлгідегі мектептерде Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, тілі мен әдебиеті қазақша болуы керек. Жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде, орыс тілі пән ретінде оқытылуы тиіс», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ұлттық тіл мен мәдениетті сақтап, дамыту әлемдік ақпараттан құралақан қалуға негіз болмауы тиістігін баса атап өтті.

«Бірте-бірте мектептердің соңғы сыныптарында ағылшын тіліне көшу қажет.  Егер де біз ғылым мен білімнен тәлім аламыз десек, жоғары білім беру саласында бірте-бірте түгел ағылшын тіліне көшу керек. Бұл да біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз. Үш тұғырлы тіл саясатының негізгі мәні осындай. Мен болашақты, ұрпағымыздың болашағын ойлап отырмын. Сондықтан да Білім министрлігі Мәдениет министрлігімен бірлесіп, үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын әзірлеуі қажет», – деді ҚР Президенті.

Марлан Жиембай

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА