2015 жылдан бастан Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі құпия сақталады, – деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып tengrinews.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы №36 бөлімшесінің басшысы Людмила Гейцманның айтуынша, осыған дейін ашық түрде жарияланып келген тестілеудің қорытындысы жеткіншектер арасында дау туғызып, тестілеуге қатысушылардың басқаларының үстінен арыз айтуы көбейіп кеткен. Сонымен қатар, тестілеуден аз балл жинаған оқушылар жоғары көрсеткіш көрсеткендерге қарап күйзеліске ұшырау да жиілеген.
Айта кетейік, енді ҰБТ кезінде жинаған балды үйден шықпай-ақ білуге болады. Тест нәтижесі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Нәтижені білу үшін сайтқа кіріп ЖСН мен түлекке тестілеуе қатысуға құжат тапсыру кезінде берілетін индивдуалды тест кодын теру керек.