22.11.2024

Шетелдегі қазақ ғалымдары

Қазақ ғылымының дамуына қатысты уәждер айтып жатамыз. Деседе  ғылымда шетел асып, айтарлықтай абыройға қол жеткізген қандастарымыз бар. 

1)Азамат Сәрсембаев

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдардың бірі -Азамат Сәрсембаев.  Оқушы кезінде математика пәнінен халықаралық олимпиада жүлдегері атанған, кейін Ұлыбританиядағы Лондон экономикалық мектебіне түскен, одан соң АҚШ-тағы Мичиган университетінде оқыған Азамат Сәрсембаев оқуын бітірген соң Қазақстанға оралған. Бірақ көп тұрақтай алмаған. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұрады

2)Әсем Сапарханова
«Оңтүстік Корея үкіметінің грантын жеңіп алып, осы елде магистратура мен докторантураны оқыған. Қазір жеке ғылыми зерттеуін жүргізіп жатыр.
Сеул қаласындағы генетикалық институтта жұмыс істейді.

3)  Қуат Есенов

Павлодардағы физика- математика оқу ордасының түлегі. Матеамтика пәнінен халықаралық олимпиадаларға қатысып 6 алтынның  иегері.  «Болашақ» стипендиясының иегері.  2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.

4) Нұржас Мәкішев

Нұржас Мәкішев те  2004 жылы Массачусетс технологиялық университетінің грантын жеңіп алған жастардың бірі. 2008 жылы университетті экономика мамандығы бойынша үздік тәмамдаған ол қазір Калифорниядағы Oracle компаниясында инженер және менеджер қызметін атқарады.

5) Алма Құнанбаева

Алма Құнанбаева –  тарихшы.  АҚШ-тағы Стэнфорд университетінде профессор. Ол студенттерге еуразиялық көшпенділер тарихы жайлы, Орталық Азия мәдениеті туралы дәріс оқиды.

6) Ерлан Ысқақов

Ерлан Ысқақов 26 жасында 1997 жылы Ресейдің ең жас ректоры атанған.
Ерлан Ысқақов 26 жасында Санкт-Петербургтегі аймақаралық экономика және құқық институтының басшысы болып, 1997 жылы Ресейдің ең жас ректоры атанған. Ерлан Жанғазыұлы 2007 жылдан бері Алферов қорының атқарушы директоры қызметін қоса атқарды. Осы қор арқылы, ол, физика-математиканы жақсы меңгерген қазақстандық талантты жастарды таңдап, өзі басқарып отырған институтқа ғана емес, Петербургтің өзге де үздік жоғары оқу орындарына қабылдануларына мұрындық болып жүр.

7)Қайрат Мыңбаев

Қайрат Мыңбаев  математика ғылымдарының докторы.  АҚШ-тың Оризона университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Бразилияның Сеара штатындағы федералдық университеттің профессоры бүгінде экономикадан дәріс оқиды.

8)Мұрат Сапарбаев

Мұрат Сапарбаев –  ҚазҰУ түлегі.  Франциядағы Густав Рози институтының профессоры.  Индустриалды залалдандырғыштардың әсерінен ДНК бұзылудың молекулалық мехазимдерін зерттеу саласының көрнектi ғалымы. Әл-Машани атындағы жоғары технологиялар және тұрақты даму институтында молекулалық таңбалағыштар, әдiстер және гендер бойынша жоғарғы технологиялардың қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық тітіркендіргіштер әсері жайында  дәрiс берген.

9)Жандос Өтеғұлов

Жандос Өтеғұлов   ҚазҰУ түлегі. АҚШ-тың Болдер қаласындағы Стандарттау және технологиялар ұлттық институтының ғылыми қызметкері.  Көп жыл бойы Айдахо Ұлттық зертханасында жұмыс істеген және АҚШ-тың Небраски Университетінде сабақ берген. Қазіргі уақытта Назарбаев университетінде дәріс оқиды.

10) Қуат Момынәлиев

 Қуат Момынәлиев  биология ғылымдарының докторы, РФ Денсаулық сақту министрлігі (Мәскеу) Физикалық-химиялық медицина ғылыми-зерттеу институтының медициналық нанотехнология зертхнасының жетекшісі.

11)Қилан Әлімхан

Жапонияның Дэнки университетінде Қилан Әлімхан деген қазақ ғалымының есімі шетел жұртшылығына жақсы таныс. Бірақ, жапон технологиясының бүге-шігесіне дейін шағып беретін ағамызды алдыру оңайға соқпас. Өйткені кеңестік кезеңнің көзін көрген біздегі технологиялар тым ескі, лабораториялардың жабдығы заманауи емес.

12)Гүл­жан Молдажанова  

Ресейлік «Базовый хол­динг­тің» бас директоры – Гүл­жан Молдажанованы Батыс бас­пасөзі әлемдегі ең бай адамдардың бірі – «қалайы патшасы Олег Дери­пасканың оң қолы» деп атап кеткен.

1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін қызыл дипломмен бітірді, мамандығы – физик. Кейін Мәскеуге аспирантураға түсуге кетіп, 27 жасында ғылым кандидаты атанды

2005  жылдан бастап «Базэл» корпорациясының бас директоры. Оның бүкіл қызметі курстасы, бизнес олигархы Олег Дерипаскамен (бастапқыда оның хатшысы болған) байланысты. «Базэл» корпорациясының активінде алюминий, авиация, энергетика, автомобиль және қаржы бизнесі бар. Жалпы 14 млрд долларды басқарады. Түсім айналысы (2007  жылы) 26,8 млрд доллар.  2008  жылы «Forbes»  журналының әлемнің ең беделді 100 әйел тізімінде 37-ші орын алды.

  13)Бақыт Кенжеев

Бақыт Кенжеев – қазақтың талантты ақыны.  1990 жылдары Мәскеу асып кеткен. Қазіргі уақытта Канадада тұрады. Ба­қыт Кенжеев Мәскеуде өткен орыс тілді ақындарды көтер­мелеу мақсатында ұйымдас­ты­рыл­ған шығармашылық  конкурста бас бәйгені жеңіп алған.    Мәскеулік жур­на­листердің «Сіз қазақ ақынысыз. Сіздің шығармаларыңыздан көшпенділердің сарыны сезіліп тұра­ды. Орыстілді ақындарды көтер­мелеу мақсатында ұйымдас­ты­рыл­ған конкурста бас бәйгені жеңіп алдыңыз. Сіздің тарихи ота­ныңызда ана тіліңіздің жағ­дайы аса мәз емес дегенді жиі ес­тиміз» деген қитұрқылау сұрағына біздің Бақыт қазақтың көптеген зиялылары секілді қазақ тілін білмейтінін, оған қатты күйзеле­тінін айтқан.

14)Тұрдыбек Нұрлыбекұлы

Қытайдың Шыңжаң университетіне қарасты арнайы  математика институты директорының орынбасары Тұрдыбек Нұрдыбекұлы  білімі­мен миллиардтаған қытай­ды мойындатты.

15)Алпысұлы Еңсепов

 Алпысұлы Еңсепов  – физика-математика ғылымдарының докторы. Қазіргі уақытта Америка Құрама Штатының Аргон Ұлттық зертханасының ғылыми қызметкері

16)Рысқұл Ойнаров

Сонымен қатар функция теориясында жоғары жетістікке жеткен дарындалар қатарында Рысқұл Ойнаровты да атамай өтуге болмас. Бүгінде швециялық әріптестерімен бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан Ойнаров Италияның Падово қаласындағы классикалық университетпен де тығыз байланыста.

17) Сейіт Сағитов

Сейіт Сағитов- талантты қазақ математиктерінің бірі. Мәскеуде білім алған. Ғылыми атағын да орыс жерінен қорғаған. Кейін Швецияға көшіп, Гютебург қаласында  тұрады. Қазіргі уақытта сол елдің азаматтығын да алған.

18) Уалбай Өмірбаев  

Ал соңғы жылдары қазақ математикасын төрткүл дүниеге танытуда физика-математика ғылымдарының докторы Уалбай Өмірбаевтың үлесі қомақты. 2001 жылы жапон ғалымы М.Нагатаның 40 жылдан астам уақыт бұрын қойған күрделі түйіннің шешімін тауып, айналысқа енгізген Уалбай бертінде ағылшын математигі П.Конның еркін ассоциативті алгебралардың автоморфизмдеріне байланысты проблеманың жұмбағын жазды. Осылайша әлемдік математика ғылымында қазақ ұлтының еңсесін көтеріп тастады. Бүгінде Америкадағы «Уэйн» университе­тінің профессоры атанып жүрген Уәлібай Өмірбаев: «Бос уақы­тымда ғылыммен айналысамын. Ол жақта әлеуметтік мәселелер оңай шешіледі. Сондықтан оған уақыт жоғалтпаймыз» депті әлеу­меттік желідегі парақша­сын­да. Тізе берсек, тарыдай шашыл­ған білімділеріміздің қатары көп-ақ.

19) Архат Әбжанов

ҚазҰУ- да  молекуларлық  биология мамандығында оқыған.  1994 жылы шетелде білімін жетілдіруді мақсат етіп Америкаға жол тартады. Индиана штатының  Блумингтон қаласында Индиана университетінің  PHD  бағдарламасына  тапсырып сол бойынша   білім алады. Қазіргі уақытта АҚШ-тағы Гарвард университетінің профессоры.

 20) Қанатжан Әлібеков

Қанатжан Әлібеков –  1975 жылы Томск медициналық институтының әскери факультетін «инфекциялық аурулар және эпидемология» мамандығы бойынша бітірді.   Биологиялық қорғаныс және биологиялық қару шығару бағдарламаларының ғылыми жетекшісі қызметін атқарды 1991 жылдың соңында АҚШ биологиялық нысандарын инспекциялайтын комиссия басқарушыларының бірі болды 1992 жылы Америка Құрама Штаттарына көшті. 2000-2006 жылдар аралығында BBC-дың шешімі бойынша ең ұлы тарихи тұлғалар тізіміне енді. Америкадағы Джордж Мейсон Университетінің (George Mason University) профессоры, АҚШ Биологиялық Қауіпсіздігі Ұлттық Орталығының басқарушысы болды Қазіргі таңда  Назарбаев Университетінің  Президенті  Шигео Катсудың  Бас Кеңесшісі болып жұмыс атқарады.

21)Дос Сарбасов

Терең білімі мен  ғылыми табысы арқылы ел мерейін үстем еткен тағы бір қандасымыз – Дос Сарбасов. Бүгінде АҚШ-тың Техас штатында қызмет етеді. 1970 жылы Алматыда дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университетін тамамдаған. Қазақстандық ғалым адам жасушасындағы ақуыз көмегімен оның ғұмырын ұзартудың жаңа әдістер жүйесін ұсынады. Техас Медициналық орталығының айтулы ғалымдарын таң қалдырады.

22)Достай Раманқұлов 

Достай Раманқұлов – қазақ халқында ең алғашқы Нобель сыйлығын  иемденушісі Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген.  Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық  политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдап қайтады. 1998 жылдан берi Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік ұйымында жұмыс iстейдi. Осы ұйымда істеп жүріп, адамзат үшін аса маңызды делінген ядролық қауіпсіздікті сақтауда білек сыбанып еңбек қылған  Достай Раманқұлов Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Қазіргі уақытта Венада тұрады.

23) Гүлайхан Ақтай

Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет етіп жүргенде, Познань университетіндегі Азиятану кафедрасының түркология бөліміне бір жылға шақырылыпты. Сол 2002 жылдан бері осы елде поляк студенттеріне қазақ тілін оқытады.

 Қания Табыс

«Қамшы» порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА