22.11.2024

Астана мектептеріндегі сабақ сағат 08:00-ден ерте басталмайды.

Мектепте сабақ 08:00-ден бұрын басталса, директорлар жауапқа тартылады. Бүгін қадағалау органдарының өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда елордадағы 17 білім ошағының жетекшілері таңғы сабақты 07:40-та бастауды ұсынған еді. «Бұған себеп мектепке барар жолдағы қарбалас сабақ барысына кері әсер етуде», – деді олар. Бірақ бұл ұсыныс білім беру ұйымдарының бірыңғай талаптарына сай келмейтін болып шықты. Осыған байланысты прокурорлар жергілікті әкімдіктерге ортақ міндет мінсіз атқарылу қажеттігін ескертті. Талап орындалмаған жағдайда, мектеп директорларына айыппұл салынуы мүмкін.

ҚР Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес сабақтар 08:00-ден бұрын басталмауы керек. Егер бұл талап орындалмаса, лицензия жарамдылығы тоқтатылады. Оған қоса мектеп директорларына 40 мың теңгедей айыппұл салынады. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі, – деді Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова 24kz арнасының тілшісіне.

24kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА