Home Жаңалық Үздік ұстазға жала жабылуда…

Үздік ұстазға жала жабылуда…

0

Қазіргі таңда ғаламтордағы әлеуметтік желі әлемі қоғамдағы болып жатқан түрлі жағдайлардың айнасы іспетті. Жұртшылық жаңалықты теледидардан қарағаннан гөрі осы әлеуметтік желі арқылы білгенді дұрыс санайтын секілді. Әсіресе, Facebook желісі түрлі пікірлерге толы ортаға айналды.

Соңғы күндері қазақстандық ұстаздарды, ата – аналарды, студенттер мен шәкірттерді шулатқан жағдай дәл осы Facebook – те орын алуда. Мәселе мынада: республикамыздағы үздік ұстаздардың біріне жала жабылды! Астана қаласындағы №73 физика – техникалық лицейдің химия пәнінің мұғалімі, химия ғылымдарының магистрі, порталымыздың бас редакторы, ақын, үздік ұстаз Ахметжан Аятжанға қарсы Акмарал Омралинова есімді ата – ананың жарияланымы жарқ ете қалғаны бар. Қазіргі кезде қандай мәселе болмасын, арызыңды бір параққа жазып, арқалап жүгіргеннен гөрі осы әлеуметтік желіде жариялап, жұртты шулату, жалған ақпаратқа еш дәлелсіз сөзбен жұртты сендіру оңай дүниеге айналды. Сөзіміз түсінікті болсын, жала жапқан ата – ананың әлеуметтік желіде жариялаған сөзіне назар аударыңыздар:

Акмарал Омралинова 

«Учитель химии физико-технического лицея N 73 Ахметжан Аятжан со своими лучшими учениками-олимпиадниками избил неугодного ученика!
Ахметжан Аятжан, переехавший из Китая, на дополнительном уроке химии дал пощечину ученику за то, что он разговаривал с другим учеником. Чтобы разрешить конфликт, мы обратились к директору лицея N 73 Байтажиковой К. А. Байтажикова К.А. заявила, что принести публичные извинения перед классом Ахметжан Аятжан не может, иначе ему придется отказаться проводить уроки в этом классе. И если родители будут настаивать на увольнении учителя, она уйдет вместе с ним, так как он-лучший химик Астаны. Ему вынесли лишь выговор, хотя Байтажикова К.А. обещала строгий выговор. Через три месяца химика публично награждают грамотой как лучшего учителя за подготовку призеров Республиканских Олимпиад. На уроке химии Ахметжан Аятжан угрожает мальчикам, что может их побить. Услышав эти слова Байтажикова К. А. находит ему оправдание и бездействует. После наших обращений в МОН, Ген.прокуратуру, Агентство гос.службы и противодействию коррупции, Управление образования г. Астаны, Управление образования созывает комиссию. Комиссия всячески оправдывает действия директора, не принимает во внимание рукоприкладство Байтажиковой К. А., удовлетворяется выговором по отношению к Ахметжану Аятжану. Через два дня после заседания комиссии, ученики Ахметжана Аятжана, с которыми он персонально занимается 5-ый год, по наводке учителя избивают ученика в школе, заставляя его уговорить родителей забрать заявление. Избивают в течение 1,5 уроков! Никто из учителей, проводивших уроки в двух классах, не забил тревогу, хотя рюкзаки остались в классах. Видеокамеры “оказались” неисправными, хотя комиссия Управления образования за два дня до этого в письме утверждала, что в школе действуют 30 видеокамер. Директор Байтажикова К.А. намеренно позволяет химику уволиться по собственному желанию, чтобы затем по “ходатайству” родителей вернуть учителя в школу. Пока химию в 73 лицее ведет молодой педагог без опыта, опять же для того, чтобы родители ” почувствовали” разницу. По словам Байтажиковой К.А. в Астане нет хороших химиков, кроме Ахметжана Аятжана. 30 октября 2015 года Управление образования в лице Суханбердиевой Э.А., после наших публикаций в Facebook, провело собрание с привлечением всех вовлеченных в этот инцидент людей. Учитель химии получил устную взбучку от руководителя Управления Образования, но сегодня в Facebook опубликовал свои издевательские слова, в которых признается, что иногда радуется тому, что не понимает русский язык, так как когда на него кричат, он может уйти с улыбкой! Это подчеркивает то, что он верит в свою безнаказанность и в то, что мы как родители бессильны что-либо изменить в нашей бездушной системе образования! Кто может ЗАКОННО остановить зарвавшегося учителя? Ахметжан Аятжан продолжает проводить уроки в частном учебном центре “Зердели”, который по словам учителей 73 лицея, принадлежит Байтажиковой К. А. В 73 лицее все дети в процессе учебы скатываются на “4” и “3”, чтобы затем по настоятельным рекомендациям учителей поправлять свои знания на платной основе в “Зердели”, “так как только в этом центре могут дать те знания, которые удовлетворяют запросы учителей в 73 лицее”. Кто примет меры в отношении одного из “самых” образцовых директоров нашей столицы-Байтажиковой Куралай Амангельдиевны?».

Иә, дәл осылай деп жазды жалақор ата – анамыз. Бұл пікірді жазғаннан кейін қолдаушылары да табылды, әрине. Осылай деп өзінің ешқандай дәлелі жоқ сөзімен көпшіліктің санасын улағаны рас. Ал бұл кісінің сөзіне жауап ретінде әділдікті, шыншылдықты жақтайтын қаншама адам қарсы жауап жазған болатын. Мәселен, әлеуметтік желі қолданушысы, химия ғылымдарының PhD докторы Madi Omirzak Акмарал Омралинованың сөзіне төмендегідей жауап жазған болатын:

«Мына Ақмарал Омралинова деген әйел менің әріптесім Аятжанды артынан қалмай жамандап жүр екен бүкіл Қазақстанға жар салып. 
Жазбаларын мұқият оқып шыққаннан кейін менде біраз сұрақтарым туындады осы Ақмаралға:

  1. Біріншіден, таяқ жеген баласы жайлы және осы келеңсіз оқиға жайлы баланың сыныптастарының пікірін неге жарияламайды? Куәгерлердің сөздері қайда?
    2. Аятжаннан таяқ жегеннен кейінгі және сыныптастарынан таяқ жегеннен кейінгі (егер рас болса) баланың көгеріп жатқан бет-аузының суреттері қайда? Әне, Жан Ахмадиев және басқа адамдар интернетке өздерінің таяқ жегеннен кейінгі көгала қойдай болып сабалған келбетін еш қымсынбай жариялап жатыр. Бұл бір үлкен дәлел болар еді Ақмаралдың сөздеріне егер шын болса.
    3. Аятжан жайлы жазбаларының астына неге коммент жазуға тиым салған? Себебі – Аятжанды жақтаушылар өте көп: қаншама ұстаздар, мұғалімдер, әріптестер, оқушылар, таныс-тамырлар Аятжанды өте жақсы кісі есебінде таниды және қолдайды. Барлықтарымыз сол әйелдің жазбаларының астында пікір жазғымыз келеді, ол болса, менің ойымша, біздің пікірлерімізден қорқады.

Жан-жаққа жазса, жаза берсін, білгенін істесін, сабыр керек мұндайда. Аққа құдай жақ. Алла мәртебеңді өсірсін, Аятжан!».

Дәл осылай жауап жазды көзі қарақты оқырмандар. Ахметжан Аятжанды ғана жалаласа ғой, онысымен қоймай, халықтың баласын тәрбиелеудегі еңбегін ел баяғыда бағалап қойған, елордамыздағы үздік мектеп директорларының көшбасшысы атағын алған Байтажикова Құралай Амангелдіқызын да іліктіре кеткені… Ал оған жауап ретінде Назарбаев университетінің, Мәскеу университетінің, Астанадағы мектеп оқушыларының, ата – аналардың, бүкіл республика көлемінде ұстаздар қауымының үздік ұстаздың ақтығын айтып, шу ете қалмасы бар ма?! Қайдан шуламасын, үлгілі ұстаз екендігін барша халық мойындаған мұғалімге негізсіз жала жабылып жатса?!  Тіпті, алашқа танымал атпал азамат, айтыскер ақын Айбек Қалиев та бұл жағдайға бей – жай қарай алмады. 

3BC2C44D-C516-477F-BC13-BEB1635A6898_mw1024_s_nҚалиев Айбек: «Біздің қоғамда мұғалімнің басынан қиқу кетпей қойды, әйтеуір… Бердібек атамның “Менің атым -Қожа” шығармасындағы бір эпизодтағыдай айтсақ, субботникке шығатын кім, мұғалім, қазіргі таңда қаптап кеткен жұлдыздардың концертіне зорлықпен билет алатын кім, мұғалім, зорлықпен газет-журналға жазылатын кім, мұғалім, облыс-ауданның мәнсіз жиналыстарына залды толтыратын кім, мұғалім, комиссия келсе, ақын-жазушылар келсе, оларды күтетін, күтімі мен әкім тапсыратын ат-шапанына ақша жинап беретін кім, мұғалім, оқушы ҰБТ-дан құлап қалса немесе төмен ұпай жинаса, кінәлі кім, мұғалім, осы үшін мектеп директоры, оқу бөлімінің басшысы, әкімнен “таяқ жейтін” кім, мұғалім, осылардың барлығы аз болғандай оқушының тәртібі үшін ата-анадан ұрыс еститін тағы да мұғалім!!! Біз осылайша мұғалімді қоғамдағы ең сорлы әлеуметтік топқа айналдырдық!
Екі-үш күннен бері әлеуметтік желіде Аятжан Ахметжан атты мұғалімнің төңірегінде әңгіме болып жатыр. Бар өмірін ұстаздыққа арнаған Өмір ағамыз бастаған ұстаздар қауымы мен Аятжанның шәкірттері әріптестері мен ұстаздарын арашалап қалу үшін жанын салуда, ал, осыған жауапты ресми тарап пен БАҚ үнсіз. 

Аятжанды студент кезінен білем, ЕҰУ-де студенттер арасында айтысып жүретін. Кейіннен өзімнің Қытайдан келген шәкірттерім арқылы жақын араласа түстік. Аңқылдап тұрған жігіт. Аздап аңғалдығы да жоқ емес. Астанада пәтерден-пәтерге көшіп жүрген оның жағдайы да жетісіп тұрған жоқ, телефон шалып “Аға, қыстауға көштім, жайлауға шықтым, күзекте отырмын” деп пәтер ауыстырған сайын хабарласып тұрады. Қыстауы-көп қабатты үй, жайлауы-дача, күзегі-времянка. Осындай қиындық көріп жүріп дарынды шәкірттер тәрбиелеп, оны әртүрлі деңгейдегі сайыстардың жеңімпазы ету кез-келгеннің қолынан келмейтін еңбек.

Негізгі мәселеге келсек, қазақта “Аюға намаз үйреткен-таяқ” деген тәмсіл бар. Бабаларымыз баласын молдаға оқуға бергенде “Еті-сенікі, сүйегі-менікі” деп беретін болған. Молдалардың қолында шыбық болғанын көрмесек те, оқып өстік. Өзіміз де мектепте мұғалімнен таяқ жедік, ата-анамызға айтсақ, олар мұғалімге қосылып ұратын. Бұдан жаман болған ешкім жоқ. Бұл көбіне қазақы ауылдың мектеп тәрбиесіне тән нәрсе. Тоқсаныншы жылдарда Торғай тозып, тұрғындары басқа орыстанған аудандарға топырлай көшкен жылдары біраз мұғалімдер сол жақтың оқушыларын нұқимын деп жұмыстан шығып қалып жататын. Әрине, бұдан оқушыны ұрып тәрбиелеу керек деген ой тумауы керек. 

Аятжан оқушыны нұқып қалған екен, осыны үлкен дауға айналдырып, Аятжанның шәкірттерінің ызасын туғызған кім? Ата-ана! Шәкірттері ызаланып олардың баласын өз тәсілдерімен тәртіпке салмақ болған. Сайып келгенде, баласының таяқ жеуіне әкеп соққан ата-ананың тірлігі. Ал, Аятжан шәкірттерін жұмсап, баламды ұрғызды деп жарияға жар салу жала болып саналады. Аятжанды танитындар араша түсіп жатырмыз, ал, танымайтындардың алдында оның абырой-беделінен не қалды. Сондықтан да Аятжанның абыройын төгіп, беделін түсіріп, тіпті жаламен жұмыстан шығартып моральдық нұқсан келтіргені үшін Ақмаралды жауапқа тарту керек.

Алаш арыстары айтып кеткен алты Алаштың баласы бас қосса, төрді алатын мұғалімдерді босағада қалдырмайық, ағайын!!!». Айбек ағамыз осылай деп өзінің жанайғайын жеткізген болатын.

Алыста жүрген Аятжанның түлеп ұшқан шәкірттері де желідегі жазықсыз жалаға шыдай алмаған көңіл шерлерін желіде білдірген – ді.  Мысалы, оның бірі Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін чемпионы Бағдаулет Сейфуллин деген студент өз парақшасында былай депті:

Аятжан ағайға түскен жаланы көріп, 3 рет көзімді сүртіп, қайта – қайта оқыдым. Аятжан ағай – менің 8 – сыныптан бергі өмрлік ұстазым. Бұл кісі мен сияқты мыңдаған оқушының ұстазы, көптеген оқушыларды тәрбиелеп, алып шыңдарды бағындыруға көмектесті.

8 – сыныптан бастап мені химия пәнінен олимпиядаға дайындады, дайындық кезінде бірде бір жексенбіні өткізген күн болған емес. Жасаған еңбегі үшін бір де бір тиын ақша алған жоқ. Мектеп те жалғыз демалыс күнің жұмыста жарысқа бала дайындап жатыр деп жалақысына артық ақша төлеген емес.

Қазақтың ұрпағын тәрбиелеп жатырмын деген шынайы ниетпен болу керек.

Ахметжан ағайдың жасаған еңбегін әлі күнге дейін көріп келем. Соның арқасында тіпті Қазақ-Британ техникалық университетінің өткізген Республикалық олимпиадасынан I орын алып, грантын иемдендім. 

Менің мектеп қабырғасында химия пәні бойынша қол жеткізген жетістіктерім:

2012 жылғы Қазақ технология және бизнес университеті өткізген химия пәнінен қалалық деңгейдегі олимпиададан I орын алып, университет грантына ұсынылдым; 

2012-2013 оқу жылында химия пәнінен Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі(аудандық олимпиада) I орын;

Республикалық олимпиаданың ІІI кезеңі (облыстық) II орын;

Республикалық олимпиаданың ІV кезеңі(Республикалық олимпиадада) Қола жүлдеге қол жеткіздім;

2012-2013 оқу жылында химия пәнінен «Tuymaada» халықаралық олимпиадасына қатыстым;

2013-2014 оқу жылында химия пәнінен Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі(аудандық олимпиада) ІI орын;

Республикалық олимпиаданың ІІI кезеңі (облыстық) I орын;

Республикалық олимпиаданың ІV кезеңі(Республикалық олимпиадада) тағы да Қола жүлдеге қол жеткіздім;

2013 жылдың күзінде ЕҰУ-інде Флорида Штаты Университетінің химия ғылымдарының докторы, профессор Михаил Шатруктың «Modern approaches to the study of the chemical composition and structure of substances and materials» атты екі апталық лекциясына қатысып, соңғы қорытынды емтиханнан жоғары нәтижеге қол жеткізуіме байланысты Сертификатқа ие болдым;

2014 жылы химия пәнінен Қазақстан-Британ техникалық университетінің университет гранты үшін өткізген Республикалық деңгейдегі олимпиадасынан I орын алдым.

Менің университет қабырғасында 1-курс оқып жүргенде қол жеткізген жетістіктерім:

2015 жылдың көктемгі семестрінде «Тайбурыл» ұйымының «Ежемесячные стипендий» конкурының жеңімпазы атандым;

2014-2015 оқу жылында химия пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VII Республикалық пәндік олимпиадасында II орынға қол жеткіздім;

Алматы қаласында химия пәнінен өткен «ChemIntel 2015» қалалық турнирінде командамызбен I орынды иемдендік;

2014-2015 оқу жылының көктемгі семестрінен бастап университет ішіндегі ғылыми-зерттеу жұмысына қатыса бастадым. Ғылым-зерттеу жұмыстарымның мақсаты – органикалық молекулалы полиамидті зерттеп, сол арқылы күн сәулесімен зарядталатын батарея құрастыру. Бұл жұмысымның еліміздің инновациясына қосатын алғашқы үлесімнің болатынына сенімім мол.

Тек қана Химия пәнін үйретпей, өмірде адамның адам болып өмір сүруінің маңыздылығын бойыма сіңіргендей болды. Соның арқасында қазіргі уақытта Отан үшін еңбек ету, елімізді халықаралық аренада биікке көтеру – менің азаматтық борышым деп білемін, сол үшін әрбір уақытымның маңыздылығын сезіне отырып, білім алуға тырысудамын.

Ұстазымыздың білімін осы жоғарыда көрсетілген жетістіктерден, яғни Қазақтың қара баласын осындай жетістіктедің жетуіне қосқан үлесінен көрсеңіз болады. Осындай жетістіктерге жүздеген бала қол жеткізді.

Әлі қанша балаға білім бере алатынын бір Алла біледі! – десе, желідегі мәселеге байланысты Аятжан Ахметжан өз парақшасында:

“Оу, ағайын, танитын һәм танымайтын елімнің ертеңіне, ұрпақтың тəрбиесіне бейжай қарамайтын ағайындар: 

Мен Көкшенің төріне жұмыстармен кетіп ем, атым əлемге əлем желі арқылы тарап кетіпті. Анығын сұраған əр қазаққа айтарым мынау: 

  1. “Əр қазақ менің жалғызым” деген ұстаным азамат ретінде мойында, Біздегі мақсат қазақ баласы биіктен көрінсін, тәрбиелі һәм білімді болсын деп білгенімізді үйретсек деген арман ғана еді. Ұстаздық жолға да, сол ұстаздық жолдың бұралаң қиындығына да ертеңгі ұрпақтың ұлғатты болуына үн қосу мақсатында түскенбіз. Əйтпесе біз пақырдың екі қолына бір күрек табылар. Сол үшін де білім саласының əр қырына бел шеше кірісіп кеткеніміз ақиқат. Сол үшін де педогогикалық жолда жүрген мен біреудің көзінің қарасындай болған баласын ұруға азаматтық арым көтермес. Ал жоғарыдағы істе де баланы ұрды деу артық дүние.

  2. Мен ақылдан адасқам жоқ бір оқушыны бір оқушыға ұрғызатын. Үш оқушының төбелесі кезінде екі күн мектепте болмағанмын. Ести сала келдім. Ол іске менің титтей де қатысым жоқ. Төбелескен балалардың бір тарапы менің халықаралық деңгейдегі олимпиададан топ жарып жүрген шəкіртім екені рас. Бірақ мен ол шəкіртімді білімге баулимын. Ол да біреудің баласы оны мен төбелеске жіберетін ақымақ емеспін.

  3. Кешірім мəселесіне келсек бастапқы кезеңде мен ұрды деген кезде кешірім сұрамағаным рас. Себебі мен дəл сол кезде заң бойынша сөгіс алып жазаландым. Бірақ кейін мектепке комиссия келгенде істің ушықпауын жəне ана жүрегінің жараланбауын тілеп мен жəне менің директорым Байтажикова Құралай Амангелдіқызы екеуміз де кешірім сұрадық. Кейін оқушыларымның мəселесі шыққан соң МЕН, ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫ, СОЛ ОҚУШЫЛАР ЖƏНЕ МЕКТЕПТІҢ АРДАГЕР ҰСТАЗЫ 76 ЖАСТАҒЫ ЕКАТЕРИНА ЖАНҒАЛИҚЫЗЫ бəріміз үйіне барып кешірім сұрадық, аяғына жығылдық, үш оқушыны татуластырдық.

  4. Менің ұжымыма жəне шəкірттеріме кері əсері тиіп жатқан бұл істің жабылуы үшін бүкіл халық алдында ата-анадан жəне бір мəрте кешірім сұраймын. Сабыр, ата-ана! Баршаңызға рахмет! – деп жауап берген болатын.

Әлеуметтік желіні қаптаған Аятжан Ахметжанды жақтаған пікірлерден кейін ата – ата қаймыға бастағандай. Біз бұл пікірлердің тек бірсыпырасын ғана мысалға келтірдік. Толық оқимын дегендеріңіз Facebook – қа кірсеңіздер, Аятжанның жақсылығын жазып, жарысқан пікірлердің көптігіне таңғаласыз. Тіпті, өз ұжымдастары да осы жаладан кейін Аятжанның қаншалықты деңгейдегі ұстаз екенін енді танығандай. Иә, жала жапқаны рас. Десек те, ол ата – анаға рахмет айтуымыз керек шығар, себебі, осы шудан кейін ғана Аятжанның қаншама жақтастары, қаншама қолдаушылары бар екеніне көзіміз анық жетті. Яғни, үздік ұстазға қарсы шығушы бір ғана адам, ал қолдаушы мыңдаған адам! Ақиқатына, осыған қарап – ақ  көз жеткізе беріңіздер.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл ата – ана тек құр айғаймен жала жапқысы келді, ал дәлелі жоқ. Айбек ағамыз айтқандай, мұғалімнің беделін түсіріп, моральдық шығын келтіргені үшін жала жабушыны жауапқа тарту керек. Үздік ұстазын басшысы жақтамағанда, кім жақтайды?! Осы мәселеге үн – түнсіз отырған жоғары жақтың кісілері қарапайым халықтың «үздік ұстазға жала жабылмаса, балаларымыз сол ұстаздан тәлім алса!» деген тілектерін жауапсыз қалдырмаса екен дейміз. Келешегін ойлайтын, баламыз білімді ұстаздың алдын көрсе екен дейтін ата – аналар да, үздік ұстаздың еңбегінің арқасында бұл күнде қалаған мамандықтарының иесі атанған түлектер қауымы да, қазіргі кезде осы ұстаз алдымызға келіп, сабақ берсе екен дейтін шәкірттер де, осындай мамандығының білгірі, өз ісіне жауапкершілікпен берілген адаммен әріптес болуды, жақсы жақтарын үйренуді қалайтын әріптестері де, жалпы, үздік ұстаздың жақсылығын көре білетін, еңбегін бағалай білетін әрбір адам осы сөзімізге келісетін шығар! Әділдік орнайтын күн келері, жаланың да арты ашылары анық. Біздің қолдан келері, жақсының жақсылығын айту, нұрын тасыту, ақиқатын ашып айту, қалғанын құзырлы органдардың міндетіне қалдырдық…

Жақсылық Орынбасар.

Істің толық мән-жайін Аятжан Ахметжанның Facebook әлеуметтік желісінен біле аласыздар.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version