22.11.2024

Елбасы жолдауын шәкірттер қолдайды

Биылғы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа кезекті жолдауын жолдады. Биылғы жолдау «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» деп аталды.
Қашан да еліміздің білімі мен ғылымы саласын өркендетуге аянбай күш салатын елбасымыз биылғы жолдауында да жастардың білім алуы мен жаңа, әсіресе, техникалық мамандықтарды игергендерін қолдайтынын танытты. Білім саласында жаңа ауқымды жоба дүниеге келетіні айтылды. 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жарияланып, Үкіметке оны жасауға кірісу тапсырылды.
Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылану керектігін Елбасы бұл жолы да айтудан танбады. Өз сөзінде: «Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», – деген болатын.
Жолдауға қолдау танытқан Астана қаласындағы №73 мектеп – лицейдің тарих пәні бірлестігі 7 – 8 – 9 – 10 сынып оқушыларымен бірге жолдаудың басым бағыттарын, онда айтылған мәселелерді талқылауға арналған жиын өткізді. Аталмыш жиында Елбасы жолдауынан үзінді көрсетілді. Тарих пәнінің мұғалімі Бұхарбай Маниға Маханқызы сөз алып, жолдауда айтылған қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясат жөнінде оқушыларға тереңірек түсіндіріп, жан – жақты талдап, мәліметтер келтірді. 10 «а» сыныбының оқушысы Мұратбекова Аяулым және 5 «б» сыныбының оқушысы Қалбиат Аман жолдауға байланысты өз ойларын білдіріп, барша шәкірттерді қолдауға шақырды.
Қашан да көрегенді саясатымен көш бастап келе жатқан Елбасымыз ды біз де қолдаймыз! Еліміз келешекке нық қадам басуына себепкер болатын мәнді де мағыналы, нақты іске бастайтын жолдау халыққа жетті. Ендеше, іске сәт! Халқымыз жасай берсін, Тәуелсіздігіміздің туы көкте самғай берсін!

Дариға Жақсылық 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА