22.11.2024

Еуропалық оқу жүйесін жерсіндірдік пе?

Соңғы кезде ғалымдар арасында Еуропалық жоғары білім алу жүйесі қазақстандық білім жүйесін құрдымға кетіре бастады деген пікірлер жиі айтыла бастады.

2010 жылы 11 наурызда Қазақстан Болон процесіне қосылып, «Университеттердің ұлы хартиясына» қол қойып, ТМД елдерінің ішінен бірінші болып еуропалық үш деңгейлі білім беру жүйесіне өтті (бакалавриат-магистратура-докторантура). Осыған байланысты, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап кеңестік дәуірден мұраға қалған түрлі ғылыми мамандықтар бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау арқылы ғылыми дәреже беру жүйесі жойылды. Екі деңгейлі ғылыми дәреже беру жүйесін бір ғана PhD-докторантура алмастырды. Осы жақында Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің «2015 жылы қазақстандық ғалымдар армиясының 2,5 мың жас ғалыммен толықты» деген ақпараты біраз академиктерімізді таң-тамаша қалдырды. 2,5 мың ғалымды кім дайындағаны және қайдан келгені көпшілікке белгісіз. 

Осы ретте Ломоносов атындағы Мәскеу Мем­лекеттік университетінің проректоры, уни­верситет академиялық саясат басқармасының бастығы В.Мироновтың «Қазір Еуропаға білім денгейі оншалықты жоғары емес, яғни офи­цианттың (даяшының) біліміндей ғана білімі бар бакалаврлардың Еуропа экономикасына қыз­метке келгені тиімдірек болуы да мүмкін» деуі­нің өзі ойланарлық сөз. Ал біздің білім сала­сы­ның басшылары 90-жылдардың орта шенінде жұрт­шылықпен ақылдаспастан ғылымдағы түсі­ніксіздеу бір бакалавр деген дәрежені енгізе салды. Ал күндердің күні болғанда бакалавр ата­ғын алып шыкқандардың осы бакалавр дегеннің не екенін өздері де, оларды қызметке алушылар да білмейтіні белгілі болды. 
maxresdefaultСөйтіп жүргенде, «магистратуралар ашпасақ, ілім-білімнен жұрдай жабайы қазақ қалпымызда қалады екенбіз» деп қара аспанды төндірген жұ­мыс­тар жүргізіле бастады. Біздің жастарымыз жаңағы магистратурада оқып жүріп, «магистра­тура деген не, оның бұрынғы бесжылдық білім беруден қандай айырмашылығы бар?» деген сауалға жауап іздеді. Мұның себебін академик Асқар Жұмаділдаев ғылымды дамытудағы дұрыс жүйе әлі қалыптаспағандығымен түсіндіреді. 
– PhD дегеннің негізі Ұлыбританияда пайда болған. Түптеп келгенде, кандидаттық та, док­тор­лық та, PhD дегеніңіз де бір нәрсе. Мен үшін ол маңызды мәселе емес. Жалпы білімде рефор­ма көп, бітер де емес. Оның әрбірін таңсық етіп қабылдай беру білім мен ғылымды дамытып жібереді деп ойламаймын, – дейді академик. 
22ARDhPaСаяси ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры Сейілбек Мұсатаев: 
– Қазақстандық ғылымды дамыту үшін ғы­лыми ізденістерге ынталандырудың балама жол­дарын қарастыруымыз қажет. Бұл жерде мәселе тек қана материалдық немесе ақшалай құнды­лық­­тарға тіреліп тұрған жоқ. Ғылым дамуын әлеуметтік мәртебеге қол жеткізуге талпыныс арқылы да қосымша ынталандыруға болады. Мы­салы, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында 5-10 жылдық нағыз ғы­лыми-педагогикалық еңбек өтілі бар штаттық қызметкерлерге қайтадан кандидаттық және док­торлық ғылыми дәрежелер беруді жолға қо­йып, ғылыми дамуда қазақстандық балама жол жасалса (батыстық және отандық ғылыми жүйе параллель жүретіндей). Бұл өз кезегінде, тоқырап бара жатқан ғылыми салаға қайтадан қан жүгіртіп, оның дамуына қосымша мүмкін­дік­тер туғызары сөзсіз. Тек қана PhD-докторан­тураға қарап аузымызды ашып отырсақ, қазақ­стан­дық ғылымның көсегесі көгере қоймас. Бірақ мына бір мәселені ерекше ескеруіміз қа­жет – кандидат­тық және докторлық диссертация­ларды қорғауға шен-шекпенділерді жолатпауды қатаң қадаға­лауы­мыз қажет. Бұрынғы ғылыми жүйенің бере­кесін қашырып, беделін түсірген біздің шенеу­ніктердің жаппай «ғылыми дәреже алғыштығы» екенін ұмытпайық. Бұл өзі кезінде Елбасынан бастап, қатардағы әрбір қазақстан­дыққа дейін мәлім болған аянышты жағдай болатын. 
Жас ғалым Әуесбайдың Қанаты «Бакала­вриат+магистратура+докторантура» жүйесі бизнес көзі ме? деп бөле-жармай, әуелден бүкіл әлемде білім саласы табысты бизнес көзі болып келген деген ойға басымдық береді. Мәселен, магистра­турада оқу қып-қызыл бизнес көзі. Әдетте ма­гис­­тра­турада (master) оқу тек екі жылға созылады. Демек, алдында өзге мамандық бойынша бака­лавриатта білім алған адамға ма­ман­дықтың екіншісін екі жылдық магистрату­рада оқып алған тиімді. Магистратура мен бака­лавриаттың көпшілік ойлағандай білім жағынан бәлендей айырмашылығы да жоқ. Магистратура бакалавр­иаттың қайталануы десем қате айтқа­ным емес. Меніңше, төрт жыл оқуға қиынсын­ған­дар неме­се бірінші мамандығын төрт жыл бакалавриатта оқығандар екінші мамандығын магистратурада оқуды құп көреді. Задында адам­ның жаңа ма­шықтарды игеруге деген құлшы­нысы оның жал­пы өмірде табысты болуға деген ынтықтығымен түсіндіріледі ғой. Осы тұрғыдан келгенде кезінде адамның білімге деген іңкәр­лігін дөп басқан кәсіпкерлер оқу орындарын көптеп ашты. Өйткені барлық мағынасында да білім капитал. 
1406104174– Менің Ұлыбританияда оқып байқағаным, ол жақтағы көптеген рейтингілі оқу орындары­ның үлкен қожайындары мұнайлы араб мемле­кет­­терінің дәулетті азаматтары екен. Олар шикі­зат көзінің түбі таусылатынын ерте бастан аңдап, инвестицияларын білім саласына салып жатқан сияқты. Бірақ менің айтайын дегенім, мына импактфактор жүйесі бойынша шетелдік басы­лымдарда мақала шығару қып-қызыл бизнес екенін айтқым келеді. Қазақстанда мысалы, док­торлық диссертация қорғау үшін осы импакт­фактор бойынша шетелдік беделді басылымда ағылшын тілінде мақала шығаруың керек. Ол басылымға мақала шығару үшін кемінде 1000$ бересің. Ол мақалаң шықпай қалса, ақшаң кері қайтарылмайды да. Ал шыққан күннің өзінде мақалада айтылған озық ойларды кейін пайда­ла­нып кетпесіне кім кепіл?! Осы жүйенің салдары­нан елімізде импактфактор бойынша мақаласын шығара алмағандықтан диссертациясын қорғай алмай жүрген талай адамды білемін, – дейді филология ғылымдарының кандидаты, халық­аралық «Болашақ» Президент стипендиясының иегері Әуесбайдың Қанаты. 

Гүлбаршын САБАЕВА

“Айқын” газеті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА