2016 жылдың 29 – 30 қаңтарында Астана қаласында қазақ журналисттері үшін «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ – ның ұйымдастыруымен «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбында тегін семинар – тренинг өтті. «Шеврон» компаниясы демеушілік еткен бұл шарада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері экономикалық журналистика, онлайн медиа, жаңа IT технологиясын журналистикада тиімді пайдалану тәсілдеріне қатысты тәжірибелерімен бөлісті.
«Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы:
Ұйымдастырушылардың айтуынша, журналисттерге арналған алғашқы семинар – тренинг Алматы қаласында 22 – 23 қаңтарда өткізілген. Оған Ұлыбритания мен Түркиядан дәріскерлер қатысқан. Астанадағы семинардан кейін 5 – 6 ақпанда Атырау қаласында да қазақ журналисттерге арналған тегін семинар – тренинг ұйымдастырылмақ. Аталған шараларға Атырау, Ақтау, Ақтөбе, қалаларынан журналисттер шақырылған.
«Түркітілдес журналисттер қоры» Қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Мақсаты – Қазақстандағы және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Татарстан, т.б. түркі мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен серіктестік орнату, іскерлік ынтымақтастықты арттыру, тығыз қарым – қатынаста болу, тәжірибе алмасу. «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ қазақстандық журналисттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі тегін семинар – тренинг, шеберлік сабақтарын үздіксіз өткізуді жоспарлауда. Қордың жанынан «Қазақстандағы Әйел журналисттер» клубы мен «Жас журналисттер» клубы құрылған. Аталған клубтардың міндеті мен мақсаты «Түркітілдес журналисттер қоры» ҚҚ ұстанатын қағидаларымен ұштасады.
Семинар – тренинг соңында шараға қатысқан барлық журналисттерге сертификаттар таратылды. Қатысушы барша журналисттер өз алғыстарын білдіріп, бұндай семинар – тренингтердің үздіксіз жалғасып тұрғанын қалайтындарын білдіріп, медиа – тренерлерге рахметін айтып, қимастықпен қоштасты.
«Қазбілім» порталының бас редакторы – Аятжан Ахметжан.