22.11.2024

Қазақтың көрнекті ғалымы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді

2016 жылдың 16 мамыр  күні сағат 19:00-де  М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ғалым, абайтанушы, ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтеді.

         Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін кешке  зиялы қауым өкілдері, әдебиетшілер мен  өнер майталмандары  қатысады.

Мерейтойлық концерттік бағдарламада Ақын Шөмішбай Сариевтың Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына арнау өлеңі, Қайым Мұхамедхановқа арналған «Жан аға» әні, Қайым Мұхамедхановтың «Жамбыл» атты дастанынан үзінді қойылып, орындалады.  Кеште сондай-ақ,  Абайдың әні «Айттым сәлем, Қаламқас», Шәкәрімнің әні «Ән туралы», Халық әні «Ахау, Семей!», «Жерім менің» және т.б. ел, туған жерге арналған әндер шырқалады. Семей қаласы – қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер қайраткерлері дүниеге келген қастерлі өңір. Бір ғана Ұлы ақын Абай Құнанбаев, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, академик-жазушы Мұхтар Әуезовтың қазақ тарихында алар орны қандай?! Қасиетті өлкеде дүниеге келген «Қазақтың ұлы Қайымы» Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарын зерттеп, зерделеп, ойына түйіп өскен еді.

Қайым Мұхамедханов (Ғабдулқайым) (1916-2004)  5 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған.

Қайым Мұхамедханов ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушысы. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей қаласының, Аягөз, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; жарияланған 800-ден аса ғылыми еңбектің авторы. «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды. «Абай» журналының қайта жарық көруіне көп еңбек сіңірді. «Толқын», «Майданнан майданға», «Ер Білісбай» пьесаларының авторы. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың «Аршин мол алан», татар жазушысы Ш.Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» пьесаларын қазақшалаған.  1996 жылы «Абай» энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абайдың дүниежүзілік академиясының алтын медалімен марапатталған.

Өтетін күні: 16 мамыр, 2016 жыл;

Басталу уақыты: 19:00-де;

Өтетін орны: М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры.

 Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА