22.11.2024

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Елбасы үш тілдікті де тоқтатты

Министрдің айтуынша, зиялы қауым өкілдері білім және ғылым министрі Ерлан Сағадивтен аталған өзгерістерді асықпай енгізуді жалынып тұрып сұраған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тіл саясатын дамыту оңай емес. Шынын айту керек, жер мәселесі қозғалардың алдында үш тілдікке қатысты қозғалыс болған. Сол кезден бастап өзіміз икемсіз қимылымызбен халықтың көңілін біршама өзгертіп алдық да, оның үстіне жер туралы кодексті кіргіздік. Сонымен қазір мүлдем ыңғайсыз жағдайда отырмыз», – деді министр бүгін мәдениет және спорт жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

20160406092855Министрдің айтуынша, бұған дейін зиялы қауым өкілдері үш тілді оқыту жүйесімен асықпауды сұраған. «Бір жиналыс болды, шыны керек. Міне, Мырзатай (Жолдасбеков – авт.) ағамыз отырды, Нұрлан Оразалин отырды. Менің коллегам (білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев – авт.) отырды. (Ағалалар – авт.) жалынып тұрып айтты, осы үш тілдікті асықпайықшы деп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін әзірше қоспайықшы, тұра тұрайық деп. Алдымен филологияны реттеп алайық. Әдебиетті…Бір сағат екеуі екі жақтан жалынды. Жоқ, қоймай, ендігі аптада заң қабылдаймын, сүйтем-бүйтем деді. Қазір енді көріп тұрсыздар, Елбасы үш тілдікті де тоқтатты, 12 жылдық бар, жаздық каникул бар. Әрине, ойы дұрыс. Бірақ соны ақылдаспай шешемін дегені кері әсерін тигізіп жатыр», – деп атап көрсетті А.Мұхамедиұлы.

Дерек көзі: Baq.kz

Түп нұсқадағы тақырып: Үш тілді оқыту мәселесінен кейін халықтың көңілі өзгеріп кетті
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА