Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күні өткізілді.
2-7 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 81990 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 59832, орыс тілінде – 22158 бітіруші.
Тестілеу алтыншы күні 10 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады:
– Маткалиева Динара Маратқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, Алматы қаласы;
– Меирханова Аружан Ерланқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы;
– Оспанова Рамзия Рамазановна, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы;
– Мухаметкали Еркежан Досенқызы, №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы, Алматы қаласы;
– Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп-лицей, Алматы қ.;
– Беркинова Акнур Нурболовна, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы;
– Болат Кәмшат Болатқызы, №17 Семей мектебі, Семей қаласы;
– Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, №72 мектеп-лицей, Астана қаласы;
– Исмаилова Дана Суюндыковна, Х.Оспанов атындағы №3 мектебі, Павлодар облысы;
– Маратова Ақерке Маратқызы, Абай атындағы мектеп, Шығыс Қазақстан облысы;
– Усин Адиль Куатович, Қызылқақ мектебі, Павлодар обл.;
– Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, Б.Момышұлы атындағы №120 мектеп, Шымкент қаласы;
– Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, А.Шерімқұлов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;
– Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі, Шымкент қаласы;
– Тортай Аяжан Қайратқызы, М.Әуезов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;
– Түгелбай Фариза Абайқызы, «№178 лицей» (Алматы қ.);
– Әбішев Тілекберген Абдыманапұлы, №3 Қазақ – түрік лицкей-интернаты, Жезқазған қаласы;
–Асан Ақтолқын Болатқызы, Д.И.Менделеев ат.№15 мектеп-лицей, Шымкент қаласы;
–Турдиева Мерей Хайроллақызы, үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-иетернаты, Шымкент қаласы
Тестілеудің алты күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
– ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші;
– емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;
– сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:
№ |
Лек күні |
Өтініш саны |
ҰБТ-ға қатысты |
Конкурс пәндері бойынша 50 баллдан төмен алғандар |
Бес пән бойынша 100-ден жоғары |
Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар |
||||||||
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
|||
1 |
02.06 |
18599 |
13349 |
5250 |
17934 |
13026 |
4908 |
2274 |
1615 |
659 |
3834 |
2811 |
1023 |
480 |
2 |
03.06 |
19802 |
14189 |
5613 |
19224 |
13970 |
5254 |
3302 |
2343 |
959 |
3246 |
2275 |
971 |
709 |
3 |
04.06 |
22021 |
15533 |
6488 |
21185 |
15190 |
5995 |
3945 |
2776 |
1169 |
4273 |
3106 |
1167 |
857 |
4 |
05.06 |
14214 |
9811 |
4403 |
13662 |
9591 |
4071 |
2494 |
1727 |
767 |
2865 |
2059 |
806 |
568 |
5 |
06.06 |
6339 |
5279 |
1060 |
6153 |
5168 |
985 |
1121 |
907 |
214 |
1255 |
1037 |
218 |
322 |
6 |
07.06 |
3900 |
2926 |
974 |
3832 |
2887 |
945 |
652 |
487 |
165 |
822 |
679 |
143 |
129 |
Барлығы |
84875 |
61087 |
23788 |
81990 |
59832 |
22158 |
13781 |
9849 |
3932 |
16299 |
11969 |
4330 |
3065 |
|
% |
100 |
71,973 |
28,027 |
96,601 |
72,975 |
27,025 |
16,808 |
71,468 |
28,532 |
19,879 |
73,434 |
26,566 |
|
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
Тестілеудің бес күнінде (3-7 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 516 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 129 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,88 %-ын құрайды.
Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:
- әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
- техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
Қазбілім порталы