22.11.2024

Биыл педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер арнаулы емтихан тапсырады

Құрметті ата-аналар, ұстаздар жəне жас түлектер!

Биыл Ағымдағы жылдан бастап, педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайтын арнаулы емтихан тапсыратын болады.

Арнаулы емтихан 25 педагогикалық мамандық бойынша өткізіледі.

Арнаулы емтиханға қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізіледі. Емтихан 5-14 шілде аралығында өткізіледі және «жіберілді»/ «жіберілмеді» ұстанымы бойынша бағаланады.

“Арнайы емтиханды дер кезінде (5-14 шілдеде) тапсырмаған жағдайда сіз педагогикалық мамандыққа тапсыру құқығынан айырыласыз”. 
1. Өздеріңізге белгілі, 23-31 шілде аралығында білім грантына түсу үшін құжаттар қабылданып, конкурсқа ұсынылады. Осы орайда ескерте кеткіміз келеді. Егер, сіз таңдаған төрт мамандықтың біреуі педагогикалық мамандық болса, жəне сол педагогикалық мамандық бойынша білім грантын ұтып алсаңыз, бірақ арнайы емтиханды тапсырмаған болсаңыз грантыңыз жарамсыз болып табылады.

2. Конкурсқа қатысарда сіздің балыңыз педагогикалық мамандыққа жетіп тұрса, грант ұтып алу мүмкіндігі бола тұра ол мамандықты таңдай алмайсыз. Себебі, сіз арнайы емтиханнан өткен жоқсыз. Арнайы емтихан тапсыру 5-15 шілде аралығында аяқталып қояды.

3. Грантқа түсе алмай қалған жағдайда, сіз келісім шарт негізінде (ақылы түрде оқу) оқисыз. Бірақ, сіз педагогикалық мамандыққа тапсыра алмайсыз, себебі, сіз арнайы емтиханнан өтпегенсіз.

4. ҰБТ-дан құлап, шектік ұпайды (проходной балл) жия алмасаңыз тиісті сомасын төлеп (2242 теңге), қайта емтихан тапсыра аласыз. Бірақ қанша жисаңыз да грантқа іліне алмайсыз, себебі қайта тапсыру конкурстан кейін болады. Енді сіз келісім шарт негізінде, яғни ақылы бөлімге оқуға тапсыра аласыз, бірақ педагогикалық мамандыққа түсе алмайсыз. Себебі, сіз арнайы емтиханнан өткен жоқсыз.

Сол үшін:

Арнайы емтихан педагогикалық мамандықтарды таңдайтын талапкерлер үшін сұхбаттасу формасында өтеді.

Арнайы емтихан – тек педагогикалық мамандық бойынша. Сіз тек педситуациялық сұрақтар бойынша тапсырасыз. Тест түрінде емес, жəне бұл емтихан сіздің ҰБТ-дан жиған балыңызға əсер етпейді! Бұл тек мұғаліммен дидарласып, бірнеше логикалық сұрақтарға жауап беруіңізбен шектеледі. Бұл емтихан – болашақ педагогтардың сапасын арттыру үшін, қарымыңыз бен қабілетіңізді анықтау үшін. Сіз осы емтиханды тапсырып, педагогикалық мамандыққа қабілеттілігіңіз туралы куəландыру қағазын аласыз. Арнайы емтиханға құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 5 шілде аралығы. Ал, емтихан тапсыру уақыты 5 шілде мен 15 шілде аралығы.

Енді сіз конкурсқа қатыса беріңіз жəне педагогикалық мамандықты таңдай аласыз. Себебі, сіз арнайы емтиханнан өткенсіз. Грант ұтып алуыңызға тілектеспіз!

Енді сіз келісім шарт негізінде педагогикалық мамандыққа оқуға тапсыра аласыз. Себебі, сізде арнайы емтиханнан өткенсіз.

Құрметті, ата-аналар, ұстаздар!

Арнайы емтихандар туралы кез-келген оқу орындарының қабылдау комиссиясынан біле аласыздар.

 Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА