26.11.2024

2016 жылы талапкелер үшін 31 702 грант бөлінді.

2016 жылы жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс 31 702 грантты құрады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

«Ағымдағы жылы жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс 31 702 грантты, оның ішінде сырттай бөлімде 300 грантты, жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне – 2500 орынды, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін – 450 орынды құрайды», – делінген ҚР БҒМ хабарламасында. 

Мемлекеттік тапсырыс келесідей бөлінді: педагогикалық мамандықтарға – 5000, гуманитарлық ғылымдар – 700, құқық – 100, өнер – 170, әлеуметтік ғылымдар – 700, жаратылыстану ғылымдары – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар – 12593, әскери іс және қауіпсіздік – 60, медициналық мамандықтар – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 2690.

Министрліктің мәліметінше, магистратурада мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 7429 орынды, оның ішінде бейінді магистратураға 3000 орынды құрайды.

PhD докторантурадағы мемлекеттік тапсырыс 628 бірлікті құрайды, оның ішінде 43 орын Назарбаев Университетіне бөлінген.

«Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 3 162 грант «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» (Серпін-2050) бағдарламасы бойынша, оның ішінде 1000 грант – педагогикалық, 1717 – техникалық, 345 – ауыл шаруашылығы және 100 орын медициналық мамандықтарға қарастырылған», – деп нақтылады ҚР БҒМ-де.

Мемлекеттік тапсырыс аясында қабылдау үшін Назарбаев Университетіне (700), А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (200), М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалына (125), Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филилалына (45), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (500), Қаржы академиясына (50) және Қазақ-Британ техникалық университетіне (200) мақсатты орындар бөлінген.

Ведомствода еске түсіргендей, кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 112 жоғары оқу орнының базасында 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі. Барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы жұмыс жүргізуде. Талапкерлердің кешенді тестілеуі 44 жоғары оқу орындарының базасында 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Бүгінгі күні Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Жекелей алғанда, ҰБТ мен кешенді тестілеуді қайта тапсыру, сонымен қатар күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейінгі мерзімге қайта ҰБТ мен кешенді тестілеуден өтпеген тұлғаларды қабылдау мүмкіндігі бойынша нормаларды енгізу көзделген.

Шекті балды алмаған ҰБТ мен кешенді тестілеудің қатысушылары үшін, сондай-ақ ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін және ҰБТ мен кешенді тестілеу нәтижелері жойылған қатысушылар үшін жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ мен кешенді тестілеу қайта өткізіледі.

Қайта тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарында 1-8 тамыз аралығында, қайта ҰБТ мен кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі.

Қайта тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (link is external), жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжат (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3×4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама (link is external), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл жинаған ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

Ал шекті балл келесі пәндер бойынша балды: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндерден кемінде 4 балды қамтиды.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА