Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) 2016 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында толықтай жарияланды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі күні ЖОО жəне білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі біздің күнделікті өмірімізге толық енді. Білім беру саласындағы рейтинг сапасына қазіргі таңда қойылатын талаптар өсуде, өйткені университеттердің рейтингі талапкерлердің ЖОО таңдауына ықпал жасайтын басты фактор болып отыр. Сондықтан рейтинг осы замандағы үлкен ақпараттық, соның ішінде жарнамалық бағытта, жастарға өз таңдауын дұрыс қалап алуға көмектеседі деп санаймыз.
БСҚА Ұлттық рейтингінің əдіснамасы халықаралық сарапшылармен мақұлданған жəне жоғары сапа мен академиялық талдау обсерваториясы (www.ireg-observatory. org) – IREG Берлин принциптерінде көрсетілген стандарттарға сəйкес келеді. Ол туралы Еуропа жəне Шанхай жоғары оқу орындарының рейтингтері бойынша өткізілген халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндалған болатын.
БСҚА Ұлттық рейтингі көпөлшемді рейтинг болып саналады немесе оны басты рейтинг деп атайды, себебі ол үш құрастырушы: 1, 2 жəне 3 сауалдамадан тұрады. 1-ші сауалдама студенттер контингенті мен құрамын, олардың білім нəтижелерін, профессорлық-оқытушылар құрамы қызметінің сапасын, ЖОО-ның ғылыми жəне инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын қамтитын академиялық статистикалық индикаторлар мен критерийлерді, сонымен бірге, Интернеттегі ақпараттық көрсеткіштерді ұсынады. 1-ші сауалдаманың индикаторлары мен критерийлері сипаттамасы агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген. 2-ші сауалдама ЖОО сарапшыларының алдында ЖОО-ның мəртебесін көрсетсе, 3-ші сауалдама жұмыс берушілер алдында ЖОО-ның мəртебесін көрсетеді.
Ағымдағы жылда БСҚА рейтингін анықтау əдіснамасына бірнеше өзгерістер енгізілді.
Институционалдық рейтингте 1-3 сауалдамалардың салмақты қатынастары өзгертілді. Осыған байланысты 1-ші сауалдамада көрсетілген академиялық құрамының маңыздылығы көтерілді. Ол құрам 60%-дан 70%-ға дейін көтерілді, ал 2-ші жəне 3-ші сауалдамалардың əрқайсысының салмағы 15%-ға дейін төмендетілді.
БСҚА Халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығымен (Ресей, Мəскеу қ.) ынтымақтастығы арқасында 1-ші сауалдамада бірінші рет РҒДИ (Ресей ғылыми дəйексөз индексі) ғылыми баспалар базасындағы қазақстандық ЖОО ғалымдарының басылымдары мен дəйексөздері туралы толық ақпарат көрсетілді, бұрын бұл ақпаратты ЖОО ұсынатын.
Қазақстандағы, шет елдегі ғылыми тəжірибелік конференциялар, олимпиадалардың жеңімпаз-студенттері туралы мəліметті ЖОО конференциялар немесе олимпиадаларды ұйымдастырушының сайтына сілтеме көрсету арқылы дəлелдейтін болды.
Биылғы жылы ҚР БҒМ грифі астында шығарылған кітаптар, монографиялар, ISBN бар оқулықтар, оқу құралдары туралы толық ақпаратты агенттіктің сұранысы бойынша ҚР Кітап палатасы берді.
БСҚА осындай жолмен ЖОО-да рейтинг үшін берілетін индикаторлар мен критерийлер бойынша жалған мəліметтерді ұсыну мүмкіндігін айтарлықтай төмендетті. БСҚА мəліметтерді жинау үшін тəуелсіз дереккөздер санын көбейту арқылы рейтинг əдіснамасын жетілдіру бойынша жұмысты əрі қарай жалғастырады.
Рейтингте ЖОО-ның ақпаратымен бірге ЖОО-ның түлектері бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, ОЖСБ мəліметтері бойынша Ұлттық тестілеу орталығынан алынған тəуелсіз дереккөздері, ғылыми мақалалардың Web of Science жəне Scopus тəуелсіз базасындағы оқытушылардың басылымдары, ҚР БҒМ жыл сайынғы «Жылдың үздік оқытушысы» конкурсы нəтижелері қолданылды. 2-ші сауалдамада сарапшылар ретінде ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, кафедра меңгерушілері, профессура өкілдері қатысты. Сауалдамада қазақстандық ЖОО-ға өзінің бағасын берген барлығы 300-дей сарапшы қатысты.
Жұмыс берушілердің сауалдамасы министрліктерге, еліміздің өңірлеріне, ұлттық компанияларына жіберілген қағаз жүзіндегі сауалдама; орта жəне шағын бизнес өкілдеріне сұрақ қою, сонымен бірге, жұмыс берушілердің е-mail-дарына сауалдама жіберу жəне телефон арқылы сұрақ қою негізінде жүргізілді. Сауалдамаға қатысқан көпшіліктің белсенділігін ерекше атап өтіп, оларға өзіміздің үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Сауалдамаға 11 орталық жəне 12 өңірлік мемлекеттік органдар қатысты. Олардың ішінде ең белсенділері: Сыртқы істер, Мемлекеттік қызмет істері, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Мəдениет жəне спорт министрліктері; Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының əкімдіктері.
Агенттікпен жұмыс берушілерден 1000-нан аса сауалдама алынды. Қазақстанның үздік ЖОО Ұлттық рейтингі тізімінде еліміздің тек 52 оқу орны көрсетілген. Олар 1-ші сауалдамада көрсетілген академиялық ресурстың 70 максималды баллының 33%-дан тө мен емес балл алған ЖОО. Сондықтан көп бейінді ЖОО санатында тек 18 оқу орны; техникалық – 13; гуманитарлық-экономикалық – 12; өнер ЖОО – 1; медициналық – 3; педагогикалық – 5 оқу орны көрсетілген.
Рейтингтің барлық үш сауалдамасы бойынша интеграцияланған нəтижелер газетте жарияланған, ал рейтингтің əр сауалдамасы жəне əр индикаторы бойынша нəтижелер агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.
Көпбейінді ЖОО рейтингінің қорытындысы бойынша биылғы жылы да біріншілік қатарын жетекші ұлттық университеттер сақтаған: бірінші орынды бөліскен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жəне əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Көпбейінді ЖОО бірінші бестігіне, алдыңғы жылдардағыдай М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (3-ші орын), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік уни верситеті (4-ші орын), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (5-ші орын) енді. Техникалық ЖОО тобында бірінші орында бірнеше жыл бойы Қазақстан-Британ техникалық университеті, одан кейін екінші орында – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, үшінші орында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті тұр. Үздік техникалық ЖОО бестігіне Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жəне Алматы технологиялық университеті енді. Халық аралық ақпараттық технологиялар университеті 8-ші орыннан 6-шы орынға, академиялық ресурстар бойынша үшінші орынға көтерілді.
Гуманитарлық-экономикалық ЖОО тобында бірінші орынды тұрақты ҚМЭБИ университеті алса, екінші орынды Қазақ тұтыну одағы Қарағанды экономикалық университеті, үшінші орынды Алматы менеджмент университеті (бұрынғы -ХБА) алды, бұл бағыттағы жетекші ЖОО бестігіне «Нархоз» Уни верситет жəне «Тұран» университеті енді.
Шығармашылық бағыттағы ЖОО ішінде Қазақ ұлттық өнер университетіне бəсекелестік болған жоқ.
Медицина ЖОО ішінде бірнеше жыл бойы жетекші бірінші орында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, 2-ші орында Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, үшінші орында Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясы орналасқан. Педагогикалық ЖОО бағыты бойынша педагогикалық білім берудің көшбасшысы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болса, екінші орында – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, одан кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педа гогикалық институты жəне Тараз мемлекеттік педагогикалық институты тұр. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты сенімді жұмыс жасау арқасында академиялық ресурс бойынша екінші орын алды.
Бағдарламалық рейтингте 2016 жылы 42 ЖОО 143 бакалавр мамандықтары (670 бағдарлама) жəне 131 магистратура мамандықтары (389 бағдарлама) бойынша қатысты.
Рейтингке қатысқан барлық білім беру бағдарламаларының жалпы саны 1200-ге жуық. Ұсынылған бағдарламалар саны жəне нəтижелер бойынша жетекші ЖОО үштігіне əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (147), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (120) жəне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (101) енді, олар туралы ақпарат агенттіктің сайтында ұсынылған.
Рейтингтің қорытындысын БАҚ, толық ақпаратты агенттіктің сайтына жариялай отырып, агенттік қоғамға ЖОО қызметінің көрсеткіштерін ұсынады. Бұл көрсеткіштер қандай да бір талдаудың, мүмкін, неге бұл ЖОО рейтингтің алдында немесе соңында тұр, неге басқа маңызды көрсеткіштер ескерілмеді деген қандай да бір сынның тақырыбы болады деп ойлаймыз.
Рейтингті құрастырушылар ретінде сындарлы сынды біз міндетті түрде ескереміз, бірақ рейтингтік балдары төмен ЖОО-ның басшылығы қандай себеппен олардың көрсеткіштері төмен екенін өздері түсінеді деп ойлаймыз. Сондықтан рейтингке қатысушы барлық ЖОО əкімшілігіне өздерінің материалдарына жəне рейтинг нəтижелеріне терең талдау жасауын ұсынамыз. Сонда жетекші-ЖОО өздерінің жетекшілік орындарын қалай сақтап қалу керек, ол үшін резервті қайдан алу керек, орта буындағы ЖОО алға шығу үшін қандай секіріс жасау керек, соңғы орындағы ЖОО өздерінің ең əлсіз орындарын тауып, өздерінің позициясын күшейту үшін стратегиялық жоспарға қандай шараларды қосу керек екен сияқты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алады.
Агенттік ЖОО-дан алынатын мəліметтердің максималды түрде тəуелсіз болуы үшін өзінің əдіснамасын алдыңғы қатардағы жаһандық жəне ұлттық рейтингке жақындату арқылы рейтингтің жекелеген позициясын əрі қарай жетілдіреді, бұл білім сапасын бағалайтын рейтингтің максималды дəйектілігіне жетуге мүмкіндік береді. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігі барлық талапкерлер мен олардың ата-аналарына табыс жəне жоғары оқу орнын дұрыс таңдауды тілейді. Агенттік Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі оларға оқу орнын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеді!
Қазақстанның үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының рейтингі-2016
- Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
- Инновациялық Еуразия университеті
- Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
- Сүлеймен Демирел атындағы университет
- Халықаралық білім беру корпорациясы
- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
- Каспий қоғамдық университеті
Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016
- Қазақстан-Британ техникалық университеті
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк техникалық университетi
- Алматы технологиялық университеті
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
- Алматы энергетика жəне байланыс университеті
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясы
- Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
- Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
- Рудный индустриялық институты
- Еуразия технологиялық университеті
Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016
- ҚМЭБИ университеті
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
- Алматы менеджмент университеті
- «Нархоз» Университет
- «Тұран» университеті
- «Болашақ» академиясы
- Қаржы академиясы
- «Тұран-Астана» университеті
- Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
- Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда университеті
- Қазақстан-Американ еркін университеті
- Қазақ еңбек жəне əлеуметтік қатынастар академиясы
Қазақстанның үздік өнер жоғары оқу орнының рейтингі-2016
- Қазақ ұлттық өнер университеті
Қазақстанның үздік медициналық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016
- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті
- Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
- Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты