25.11.2024

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық комиссия жұмысын бастады.

Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия бүгiн жұмысын бастады. Комиссия мүшелерi 12 тамызға дейiн жұмысын қорытындылап, грант иелерiн 12 тамызға дейiн жариялайды, kazbilim.kz порталында жарияланады, – деп хабарлайды Қазбілім тілшісі.

«Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия 4-8 тамыз аралығында жұмыс iстейдi. 12 тамызға дейiн қорытынды шығарылып, БАҚ беттерiнде жарияланады», – дедi бүгiн комиссияның алғашқы отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары кiрiп отыр.

Айта кетейiк, биыл 31 702 грант бөлiнген. Оның iшiнде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмшелерiне, 28 752 грант күндiзгi бөлiмге қарастырылған. Конкурсқа 59 677 түлек қатысып жатыр.

12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды.

Биыл шетелдегi 1053 қазақ тарихи отанында бiлiм алуға ниет танытып,  бiлiм гранттарын бөлу конкурсына құжат тапсырған.

“Сондай-ақ, ауыл жастары үшiн квота тағайындалды. Квота ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға бөлiндi. Конкурсқа 26 050 адам қатысады. Бұдан бөлек, конкурсқа қатысушылардың қатарында I, II топтағы мүмкiндiгi шектеулi 363 адам, соғыс қатысушыларына теңестiрiлген 37 талапкер, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ 1053 адам және 492 жетiм бала бар”, – дедi бүгiн білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев.

Бұдан бөлек, “Мәңгiлiк ел жастары” жобасы аясында бөлiнген квота бойынша конкурста 9797 адам бағын сынайды.

 Айта кетерлік бір жайіт, Биылғы жылы бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына 59 677 түлек қатысып жатыр. Олардың iшiнде 47 342 адам, яғни 80 пайызға жуығы қазақ, ал 12 335 адам орыс тiлiнде оқыған. Қазақ және орыс тілі бөлімдеріне гранттың үлес бөлімі 75%/25% үлес салмағында бөлінеді.

  «Биыл мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына негiзделдi. 12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды. Былтыр олардың саны 64 болатын. Бұл оқу орындарының тiзiмi конкурстық негiзде анықталды», – деп хабарлады Е.Сағадиев.

Биыл елiмiзде ұлттық бiрыңғай тестiлеуге 84 041 оқушы қатысып, 69 789 адам сынақты сәттi тапсырған. Орташа балл – 81,2. Ал 74 881 адам кешендi тестiлеуден өтiп, олардың 27 743-i шектi бал жинады. Орташа балл – 39,9.

«Осылайша, ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен кешендi тестiлеу қорытындысы бойынша 97 532 адам жоғары оқу орындарына түсу құқығына ие болды. Бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына 59 677 адам қатысып жатыр. Оның iшiнде 47 342 адам (80 пайызға жуық) қазақ тiлiнде, 12 335 адам орыс тiлiнде оқуға ниет танытты», – деп атап өттi министр.

Естерiңiзге сала кетейiк, Ерлан Сағадиев министр болып тағайындалғаннан кейiн жасаған алғашқы мәлiмдемесiнде мемлекеттік тіл мен осы тілде білім алу жүйесіне қатысты ойын айта келіп, қазақ тілінде білім алған жастардың болашағына күмән келтірген болатын.

«Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім… Бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Оларда да көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, осы жастардың көбі, тіптен қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осындай себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ, жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру», – деген едi Е.Сағадиев.

kazbilim.kz 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА