22.11.2024

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және

оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.

Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары

1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?

3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде  өткізіледі.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

   

Тапсырма саны

Тапсырма формасы

Бағалау объекті

1- блок

Математикалық сауаттылық

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.

Қазақстан тарихы

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді білу

 

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән)

 

1 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

   

10

Ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

2- блок

2 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

10

Ұсынылған бес тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.

ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,  математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар). 

Бейінді пәндер

Мамандықтар саны

1

Математика + физика

52

2

Математика + география

18

3

Тарих+ география

7

4

Биология + химия

22

5

Биология + география

12

6

Шет тілі + тарих

11

7

Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих

7

8

География + шет тілі

4

9

Химия + физика

5

10

Тарих + Адам. Қоғам. Құқық

4

11

Шығармашылық емтихан

33

Барлығы

175

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.

«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.

ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.

Тестілеу уақыты  – 100 минут.

 

Тапсырма саны

Тапсырма формасы

Бағалау объекті

Жалпы бейінді пән

20

Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдай отырып

Тапсырмалар базалық пән бойынша  академиялық білімін тексеруге бағытталады

 

30

Ұсынылған көп жауаптан  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Тест тапсырмалар базалық пән бойынша  терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады

Бейінді пән

10

Ұсынылған көп жауаптан  бірнеше дұрыс жауапты таңдай отырып

Тест тапсырмалар базалық пән бойынша  терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    – 10 наурыз – 1 шілде аралығы. ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі. ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен       23 шілде аралығы. Шекті балл – 35.

Қазірге дейін мамандықтарға сай нақтыланған таңдау пәндері:

1 бейіндік пән 2 бейіндік пән

1. Білім

1 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
биология география

2 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
биология география

3 5В010300 Педагогика және психология биология география

4 5В010400 Бастапқы әскери дайындық шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

5 5В010500 Дефектология биология география

6 5В010600 Музыкалық білім шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

7 5В010700 Бейнелеу өнері және сызу шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

8 5В010800 Дене шынықтыру және спорт шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

9 5В010900 Математика математика физика

10 5В011000 Физика математика физика

11 5В011100 Информатика математика физика

12 5В011200 Химия химия биология

13 5В011300 Биология биология химия

14 5В011400 Тарих тарих география

15 5В011500 Құқық және экономика негіздері тарих география

16 5В011600 География биология география

17 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту тілі және әдебиеті тарих

18 5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті оқыту тілі және әдебиеті тарих

19 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі шет тілі тарих

20 5В012000 Кәсіптік оқыту математика физика

21 5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті оқыту тілі және әдебиеті тарих

22 5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті оқыту тілі және әдебиеті тарих

23 5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану биология география

24 5В012500 Химия-Биология биология химия

25 5В012600 Математика-Физика математика физика

26 5В012700 Математика-Информатика математика физика

27 5В012800 Физика-Информатика математика физика

28 5В012900 География-Тарих тарих география

29 5В013000 Тарих-Дінтану тарих Адам. Қоғам. Құқық

2. Гуманитарлық ғылымдар

30 5В020100 Философия тарих география

31 5В020200 Халықаралық қатынастар шет тілі тарих

32 5В020300 Тарих тарих география

33 5В020400 Мәдениеттану шет тілі тарих

34 5В020500 Филология оқыту тілі және әдебиеті тарих

35 5В020600 Дінтану шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

36 5В020700 Аударма ісі шет тілі тарих

37 5В020800 Археология және этнология тарих география

38 5В020900 Шығыстану шет тілі тарих

39 5В021000 Шетел филологиясы шет тілі тарих

40 5В021100 Теология шет тілі тарих

41 5В021200 Түркітану шет тілі тарих

42 5В021500 Исламтану шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

3. Құқық

43 5В030100 Құқықтану тарих Адам. Қоғам. Құқық

44 5В030200 Халықаралық құқық тарих Адам. Қоғам. Құқық

45 5В030300 Құқық қорғау қызметі тарих Адам. Қоғам. Құқық

46 5В030400 Кеден ісі тарих Адам. Қоғам. Құқық

4. Өнер

47 5В040100 Музыкатану шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

48 5В040200 Аспаптық орындаушылық шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

49 5В040300 Вокалдық өнер шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

50 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

51 5В040500 Дирижерлеу шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

52 5В040600 Режиссура шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

53 5В040700 Актерлік өнер шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

54 5В040800 Эстрада өнері шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

55 5В040900 Хореография шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

56 5В041000 Сценография шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

57 5В041100 Композиция шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

58 5В041200 Операторлық өнер шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

59 5В041300 Кескіндеме шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

60 5В041400 Графика шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

61 5В041500 Мүсін шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

62 5В041600 Өнертану шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

63 5В041700 Сән өнері шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

64 5В041900 Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау тарих география

65 5В042000 Сәулет шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

66 5В042100 Дизайн шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

67 5В042200 Баспа ісі шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

68 5В042300 Арт – менеджмент шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

69 5В050100 Әлеуметтану математика география

70 5В050200 Саясаттану шет тілі тарих

71 5В050300 Психология биология география

72 5В050400 Журналистика шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

73 5В050500 Аймақтану шет тілі тарих

74 5В050600 Экономика математика география

75 5В050700 Менеджмент математика география

76 5В050800 Есеп және аудит математика география

77 5В050900 Қаржы математика география

78 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару математика география

79 5В051100 Маркетинг математика география

80 5В051200 Статистика математика география

81 5В051300 Әлемдік экономика география шет тілі

82 5В051400 Қоғамдық байланыс шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

83 5В051500 Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету оқыту тілі және әдебиеті тарих

84 5В051900 Еңбекті ұйымдастыру және нормалау математика география

85 5В052100 Мемлекеттік аудит математика география

86 5В052300 Спорт менеджменті математика география

6. Жаратылыстану ғылымдары

87 5В060100 Математика математика физика

88 5В060200 Информатика математика физика

89 5В060300 Механика математика физика

90 5В060400 Физика математика физика

91 5В060500 Ядролық физика математика физика

92 5В060600 Химия химия физика

93 5В060700 Биология биология химия

94 5В060800 Экология биология география

95 5В060900 География география математика

96 5В061000 Гидрология математика география

97 5В061100 Физика және астрономия математика физика

98 5В061200 Метеорология математика география

7. Техникалық ғылымдар және технологиялар

99 5В070100 Биотехнология биология химия

100 5В070200 Автоматтандыру және басқару математика физика

101 5В070300 Ақпараттық жүйелер математика физика

102 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету математика физика

103 5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу математика физика

104 5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау математика физика

105 5В070700 Тау-кен ісі математика физика

106 5В070800 Мұнай газ ісі математика физика

107 5В070900 Металлургия математика физика

108 5В071000 Материал тану және жаңа материалдар технологиясы математика физика

109 5В071100 Геодезия және картография математика география

110 5В071200 Машина жасау математика физика

111 5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар математика физика

112 5В071400 Авиациялық техника және технологиялар математика физика

113 5B071500 Теңіз техникасы мен технологиялар математика физика

114 5В071600 Аспап жасау математика физика

115 5В071700 Жылу энергетикасы математика физика

116 5В071800 Электр энергетикасы математика физика

117 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар математика физика

118 5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы химия физика

119 5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы химия физика

120 5В072200 Полиграфия математика физика

121 5В072300 Техникалық физика математика физика

122 5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) математика физика

123 5В072500 Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) математика физика

124 5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы математика физика

125 5В072700 Азық–түлік өнімдерінің технологиясы биология химия

126 5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) биология химия

127 5В072900 Құрылыс математика физика

128 5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру математика физика

129 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі математика физика

130 5В073200 Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) математика физика

131 5В073300 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы математика физика

132 5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту химия физика

133 5В073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы математика физика

134 5B074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану математика физика

135 5В074500 Көлік құрылысы математика физика

136 5В074600 Ғарыш техникасы және технологиялары математика физика

137 5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы биология химия

138 5В075000 Метрология математика физика

139 5В075200 Инженерлік жүйелер және желілер математика физика

140 5В075300 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы химия физика

8. Ауылшаруашылық ғылымдары

141 5В080100 Агрономия биология химия

142 5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы биология химия

143 5В080300 Аңшылықтану және аң шаруашылығы биология география

144 5В080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау биология химия

145 5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану математика физика

146 5В080600 Аграрлық техника және технология математика физика

147 5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы биология география

148 5В080800 Топырақтану және агрохимия биология химия

149 5В080900 Жеміс-көкөніс шаруашылығы биология химия

150 5В081000 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау математика физика

151 5В081100 Өсімдік қорғау және карантин биология химия

152 5В081200 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету математика физика

9. Қызмет көрсету

153 5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру математика география

154 5В090200 Туризм география шет тілі

155 5В090300 Жерге орналастыру биология география

156 5В090500 Әлеуметтік жұмыс география шет тілі

157 5В090600 Мәдени–тынығу жұмысы шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

158 5В090700 Кадастр биология география

159 5В090800 Бағалау математика география

160 5В090900 Логистика (сала бойынша) математика география

161 5В091000 Кітапхана ісі оқыту тілі және әдебиеті тарих

162 5В091200 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі география шет тілі

10. Әскери іс және қауіпсіздік

163 5В100100 Өрт қауіпсіздігі математика физика

164 5В100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері математика физика

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

165 5В110100 Мейірбике ісі биология химия

166 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау биология химия

167 5В110300 Фармация биология химия

168 5В110400 Медициналық-профилактикалық іс биология химия

12. ВЕТЕРИНАРИЯ

169 5B120100 Ветеринарлық медицина биология химия

170 5B120200 Ветеринарлық санитария биология химия

13. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

171 5B130100 Жалпы медицина биология химия

172 5B130200 Стоматология биология химия

14. Өнер

173 5B140100 Орындаушылық өнер шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

174 5B140200 Халықтық аспаптар шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

175 5B140300 Ән айту өнері шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

kazbilim.kz 

-ЖАРНАМА-spot_img

20 COMMENTS

  1. Жаңа форматтағы УБТ мен емтихандарға мен ата-ана ретінде де, мұғалім ретінде де қарсылық білдіремін, баланы соншалықты кинаудың не қажеті бар біріншіден, ал екіншіден осы форматты пайдаланумен коррупция кеңінен белең алады. Жаңа формат қолайсыздығы мен күрделілігі себебінен түлектердің басым көпшілігі Ресей, Қытай, т.б.шет елдерге оқу іздеп кету каупі төніп турары анық. Әлі де жаңа форматтан бас тарту кеш емес.

    • Киындау емес пе?! Баланы психикалык денсаулыгына ауырлау гой. Коррупцияга тике жол емес пе?! Еки тандау пани емес биреу болса да жетпей ме?! Айтеуир коп сурак мазалайды, ойлану керек секилди. Баринен де барримизге бала кымбат, соны ойлау керек секилди.

  2. Бұл жаңа форматтағы ҰБТ қиын мен оқушымын.шыныменде шетелде оқыған тиімдірек сияқты.жоғарыда айтылған пікірлерге қосыламын.Асығым шешім қабылдамау керек секілді.Біздің оқушылардың жағдайын ойласаңыздаршы.

  3. Жаңа форматтағы тест сұрақтарының үлгісі барма хотя бы??? Жаңа формат жаңа формат дей бергенше тест сұрақтарын дайындау керек алдын ала(байқау тест). Оқушылар тест сұрақтары қалай болатыны туралы ойланып жүр. Оларға сол жаңа формат бойынша адаптация сияқты байқау тест өткізу керек жылдам. Уақыт өте за қалды!!!!

  4. “Аударма ісі” мамандығына таңдау пәні қандай?
    Тізімде неге жоқ?

  5. Ассалаумағалейкум, Аятжан Ахметжанұлы!
    ЖОО түсу үшін тапсырылатын ҰБТ-ға 165 пункт белгіленген екен. Абитуриент өзі түскісі келетін ЖОО-на келіп тапсырады ма? Бұрынғы 4 мамандығы таңдау құқығы биыл сақталады ма? Егер Тараздың оқушысы ТарМУ-ға немесе Астананың ЖОО-на түскісі келсе, ҰБТ-ны қайда тапсырады?

  6. Біздің білім саласында не болып жатыр өзі? Жаңа форматтың керегі қанша осы? Отырып ойға келгенді істеудің керегі жоққой. Балаларға обал емеспа. Осы жүйемен кете берсек, болашақта бізден əлемді өзгертетін ғалымдар шықпайды.

  7. Архитектура мамандығына қандай қосымша пән тандалынады, біз физиканы тандағанбыз. Және шығармашылықты қай жерде тапсыру керек.

  8. ҰБТ-ға дайындау мектеп мұғалімдерінің міндетіне кірмейдіме, менің баламнын мектебіндегі мұғалімдердің барлығы дерлік біз тек 5 экзаменді мектептен қабылдап колдарына аттестат береміз, қалғаны біздің шаруамыз емес деп отыр, сондықтан мен баламды сентябрьден бері учебный ценрда платно окытып журмін. Бұған кім жауап береді.

  9. Пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары үшін бөлінетін арнайы грантты қайдан білуге болады?

  10. Салеметсіздерме. Жаңа формат қазіргі кезде көптеген оқушы мен мұғалім жəне ата -аналардың көңілінен шықпай отыр. Бірақ амал жоқ жоғарыдағылар не дейді біз сол жолмен жүреміз. Көшіміздің басына қарап артындағы біз-керуен солай тартамыз. Формат өзгерді делік. Барлығына жақсы дедік. Тестіні былай артып олай тартып ақыры соңғы болады деген форматқа да қол жеткіздік. Бірақ оның ішіндегілері көңіл қуантады ма? Біз, оқушылар оңайға санап жүрген оқу сауаттылығы “керемет мақалалармен” келгені бізді қынжылтты. Біз бұған дейінгі сынақ кітапшаларында оқу сауаттылығынан кəдуілгі сауаттылықты анықтайтын тестілерді жасап, стиль түрлерін, троп түрлерін анықтап, оларды талдап жүрдік. Ал бүкіл газет-журналдағы мақаланың бізге келіп кетер пайдасы қане?! ҰБТ деген бүкіл 11 жыл бойына оқыған білімімізді қорытындылайтын тестілер жинағы болып табылмайды ма?! Аспаннан түскендей “өсек-аян” секілді етіп əр оқырманның айтқан ойын талдап отыру үшін 11 жыл оқығанымыз ба? Қазақ қазақ болып,тəуелсіздік алғанына 30 жыл да болған жоқ. Мəдениет пен өнер дамысын, иə, біз оған қарсы емеспіз ғой. Бірақ, кітапты əзер оқитын тіпті бетін ашпайтын жастарға бұндай қажеті жоқ мақала неге керек. Жақсы жақсы мəтіндер де толып жатыр, Ахмет Байтұрсынұлының “Əдебиеттанушы” еңбегінен неге келмеске? “Абай жолынан” , тіпті болмаса сол “Қазақ ертегілерінен” неге тесті жасамасқа? Қиындатқыларыңыз келсе тіл танудан сауаттылықты анықтайтын түрлі тапсырма беріңіздер. Бұндай Баян Мақсатқызына, Нұртас Адамбайға қатысты тесттің, оның көрерменінің не деп не қойғанынан бізге берер пайдасы неде? Ел боламын десең бесігіңді түзе деген Мұхтар атамыз. Онсызда қисық жолда құлауға шақ тұрған кейбір жастарға бұндайдың зияны болмаса пайдасы жоқ. Пəлендей бір мəтін үшін бұнысы несі демеңіздер. Менің өзіме қалай жаным ашыса, қазақ балаларына да, қазағымның біліміне де жаным аурады. Титтей де болсын өзгеріс болса бұл біз үшін, оқушылар үшін үлкен көмек болар еді.

  11. Жаңа формат қазіргі кезде көптеген оқушы мен мұғалім жəне ата -аналардың көңілінен шықпай отыр. Бірақ амал жоқ жоғарыдағылар не дейді біз сол жолмен жүреміз. Көшіміздің басына қарап артындағы біз-керуен солай тартамыз. Формат өзгерді делік. Барлығына жақсы дедік. Тестіні былай тартып олай тартып ақыры соңғы болады деген форматқа да қол жеткіздік. Бірақ оның ішіндегілері көңіл қуантады ма? Біз, оқушылар оңайға санап жүрген оқу сауаттылығы “керемет мақалалармен” келгені бізді қынжылтты. Біз бұған дейінгі сынақ кітапшаларында оқу сауаттылығынан кəдуілгі сауаттылықты анықтайтын тестілерді жасап, стиль түрлерін, троп түрлерін анықтап, оларды талдап жүрдік. Ал бүкіл газет-журналдағы мақаланың бізге келіп кетер пайдасы қане?! ҰБТ деген бүкіл 11 жыл бойына оқыған білімімізді қорытындылайтын тестілер жинағы болып табылмайды ма?! Аспаннан түскендей “өсек-аян” секілді етіп əр оқырманның айтқан ойын талдап отыру үшін 11 жыл оқығанымыз ба? Қазақ қазақ болып,тəуелсіздік алғанына 30 жыл да болған жоқ. Мəдениет пен өнер дамысын, иə, біз оған қарсы емеспіз ғой. Бірақ, кітапты əзер оқитын тіпті бетін ашпайтын жастарға бұндай қажеті жоқ мақала неге керек. Жақсы жақсы мəтіндер де толып жатыр, Ахмет Байтұрсынұлының “Əдебиеттанушы” еңбегінен неге келмеске? “Абай жолынан” , тіпті болмаса сол “Қазақ ертегілерінен” неге тесті жасамасқа? Қиындатқыларыңыз келсе тіл танудан сауаттылықты анықтайтын түрлі тапсырма беріңіздер. Бұндай Баян Мақсатқызына, Нұртас Адамбайға қатысты тесттің, оның көрерменінің не деп не қойғанынан бізге берер пайдасы неде? Ел боламын десең бесігіңді түзе деген Мұхтар атамыз. Онсызда қисық жолда құлауға шақ тұрған кейбір жастарға бұндайдың зияны болмаса пайдасы жоқ. Пəлендей бір мəтін үшін бұнысы несі демеңіздер. Менің өзіме қалай жаным ашыса, қазақ балаларына да, қазағымның біліміне де жаным аурады. Титтей де болсын өзгеріс болса бұл біз үшін, оқушылар үшін үлкен көмек болар еді.

  12. Жаңа формат бойынша тест тапсыратындар, жаратылыстану пәндері физика, математика, химия таңдайтындар тестке берілетін 3,5 сағат есеп шығаруға жеткілікті ма бес пәнге. осы мәселе қаралды ма?

  13. ассалаумагалейкум осыган жауап: физкультура и спорт калай болад сонда неше паннен тапсырады,оту балы кандай

  14. ҰБТ сұрақтарын 1-ші мұғалімдерге белгілетіп мұғалімнің сауаттылығын тексеріңіздер!Оқушыларды қалай тексересіздер дәл солай көріңіздер… Ұстаз ол психолог ол кісілер психологиялық тұрғыдан қалай дайын екен. Аттестаттаудың өзінен дірілдеп қалтырап одан қала берсе комиссияның майы мен шәйін дайындап дызықтап жүреді. Ал оқушы 3,5сағатта не істесін?!олар сотталушы емес шешіндіріп тіміскілейтін… ойланатын адам бар ма? Суицид болмай не болад? Бала біліп тұрсада психологиялық тұрғыда дайын болмауы мүмкін… Билік басындағылар осыны ойлай ма әлде кемелері судан өтті болы ма? халықтың қамын жеу үшін отыр ғой малын жеу үшін емес… Егер барлығы таза заңға сәйкес болса халық ашынбас еді…

  15. Мен осы жылы ҰБТ тапсырамын. Мен ағылшын және тариx пәнін таңдау арқылы мұғалім бола аламын ба?
    Ағылшын тілін таңдап қандай мамандық иесі болуға болады ?
    Мен грат иегері болу үшін қанша балл жинауым керек?(ағылшын+тариx)

  16. Қуқық және экономика негіздері мамандығына грантка түсу үшін қанша балдан асыру қажет?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА