22.11.2024

Қазақ тілі және әдебиетінен эссе тақырыптары

1. Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
2. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз.
3. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
4. «Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
…Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.
5. Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
6. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз.
7. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
8. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
9. Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
10. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
11. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
12. Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
13. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
14. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
15. ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
16. Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
17. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
18. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
19. Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.
20. Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
21. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.
22. Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз.
23. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз.
24. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
25. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
26. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
27. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
28. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.
29. С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?
30. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
31. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
32. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.
33. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр?
34. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
35. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
36. С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?
37. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
38. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
39. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
40. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
41. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
42. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
43. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
44. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?
45. ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз.
46. ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз.
47. Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз.
48. Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.
49. XX ғасырдың басындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстырыңыз.
50. Өзің білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
51. Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?
52. Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
53. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
54. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
55. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
56. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
57. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
58. «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
59. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз.
60. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз,
61. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.
62. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
63. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
64. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
65. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
66. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.
67. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
68. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
69. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
70. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
71. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
72. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз.
73. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
74. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.
75. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
76. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
77. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
78. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы
бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
79. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
80. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
81. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
82. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
83. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
84. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе?
85. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
86. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
87. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
88. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
89. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
90. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз.
91. Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?
92. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
93. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.
94. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
95. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
96. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
97. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
98. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
99. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.
100. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
101. Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
102. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.

-ЖАРНАМА-spot_img

14 COMMENTS

  1. Қазақ тілінен эссе тақырыптарын орай өз ойымды бөліссем деп едім.Эссе дегеніміз автордың ойының еркіндігі,оның жеке көзқарасын өзінше тұжырымдап жеткізуі емес пе еді.Ал мына ұсынылған тақырыптарға қарасаң ой еркіндігі деген не,маңайламайды да.Оқушыға өзпікіріңді білдір деп тұрып оған сен осылай істе деп тұрғандай әсер береді екен және оқушының ойын бір шығармаға ғана байлап тастайтын сияқты.Мысалы:”Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.” деген тақырыпты алайық.Қазақ қызы тақырыбын қаузау үшін оқушыға тек қана Жүсіпбектің бір шығармасы ғана берілген.болды…Оқушыңының қиялына қанат бітіретін оның жалпы ой шеңберін.жалпы осы тақырып бойынша білімін көрсетуіне шек қойылып тұр.Салыстыра кету үшін орыс тілінен берілген эсселер тақырыбына тоқталайық:”Женский идеал в русской литературе” деген бір тақырып арқылы ғана оқушының осы тақырып бойынша бар білімін ортаға салуына мүмкіндік береді,оның салыстыруына,саралауына тұжырым жасауына жол ашылады.Немесе:”Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз” тақырыбымен орысша нұсқадағы осы бағыттағы тақырыпты салыстырыңыз:”Кого из литературных героев я узнаю в своих современниках?”Тақырыптың өзі қазақша нұсқада шұбалыңқы,аяғын оқып жатқанда соңын ұмытып қалуың мүмкін.Орысша нұсқа да қысқа ғана оқушыға ой салып ,өз біліміңді көрсет деп тұрғандай.Жоғарыдағыларды айта келіп эссеге берілген тақырыптар әлі де жетілдіруді талап етеді,оны былай шикі күйінде мектеп бітірушілерге ұсынуға әлі ертерек дер едім. Мысалға:Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз? -деп шұбыртқанша тақырыпты “Мен-қазақпын-мың өліп, мың тірілген” (Ж.Молдағалиев)- деп бере салса болмас па.Болмаса:”«Бағың ашылатын күн болар ма…»-Қазақ әдебиеті қазақ қыздарының тағдыры туралы – деп оқушыға ой тасатған біршама жөн сияқты.Сіздер қалай ойлайсыздар?

    • керемет! дұрыс айтасыз)) мен де биылғы түлектердің бірімін. мына эсселердің тақырыптары күрделі екені рас. сол себепті берілген тақырыптарда өз ойыңды түйіндеп жеткізу өте қиын. сізге қосыламын!!!

    • Сізбен толықтай келісемін. Иә, бұл жерде былайша оқушының жеке ойын шектеу болып тұр. Және де оқушылар эссе тақырыбын толық ашу үшін бейне бір ғылыми жұмыс жазу керек секілді көрінеді. Тіпті оқушылар бұл 102 эссеге дайындалып үлгере ме деген сұрақ туындайды. Қорытынды аттестациялау 29 мамыр күнінен басталса, демек, 2 ай ғана уақыт қалғаны. Тым болмаса осы тақырыптарды әне-міне деп созбақтамай ертерек беруге болмас па еді? 2017жылғы мектеп түлектерінің барлығы осы сұрақтармен-ақ жүріп, көп уақыттарын жоғарыдан келетін жауапты күтумен өткізіп алғаны белгілі.

    • Сізбен толықтай келісемін. Иә, бұл жерде былайша оқушының жеке ойын шектеу болып тұр. Және де оқушылар эссе тақырыбын толық ашу үшін бейне бір ғылыми жұмыс жазу керек секілді көрінеді. Тіпті оқушылар бұл 102 эссеге дайындалып үлгере ме деген сұрақ туындайды. Қорытынды аттестациялау 29 мамыр күнінен басталса, демек, 2 ай ғана уақыт қалғаны. Тым болмаса осы тақырыптарды әне-міне деп созбақтамай ертерек беруге болмас па еді? 2017жылғы мектеп түлектерінің барлығы осы сұрақтармен-ақ жүріп, көп уақыттарын жоғарыдан келетін жауапты күтумен өткізіп алғаны белгілі.

  2. Эссе тақырыптарын оқып таң қалдым. Эссе барлық уақытта еркін тақырыпқа,
    белгілі бір проблемала көтеріліп, соны шәкірт қалай түсінеді, оған көзқарасы қандай, проблеманы өзі қалай шешер еді деген сияқты жүйеде жазылу керек сияқты еді. Сол арқылы жазып отырған шәкірттің өз пікірі , ойы бар ма, көзқарасы қаншалықты қалыптасқан, эссе құрылымын дұрыс сақтаған ба соны білу керек сияқты еді, ал мына тақырыптар шығарма ғой, талдау, сипаттау, қорытындылау бар. Эссенің тақырыбын құрастыра алмасаңыздар, оның не екенін білмесеңіздер оқушылардың миын ашытып не керек?

  3. Өзіңіз білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
    Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?
    Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
    Осы үш қана тақырыптың стиліне қарап-ақ эссе тақырыптарының сауатсыз, түсініксіз жазылғанын аңғару қиын емес. «Ақын өлімі туралы аңыз» романтикалық поэма, оны реалистік өмірмен қалай байланыстырасыз?
    «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы емес жанрлық ерекшелігі арқылы болу керек!
    “Мұхиттың «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін…”Қандай ғашықтық сезім!? Мәтінді оқып көріңіздер. Мұндай қате берілген тақырыптарды оқушы түгіл мұғалімнің түсінуі екіталай. Сіздердің пікірлеріңізге қосыла отырып айтарым, бұл тақырыптарды әдебиетші ғалымдар не ұстаздар емес, кездейсоқ біреу жазғандай әсер қалдырады. Шындығында, эссе еркін ой пікіріңді, толғанысыңды, көзқарасыңды жазатын шағын жанр. Мына берілген тақырыптардың 90% оқушыға емтиханда қойылатын сұрақтардай, талдауды, сипаттауды, дәлелдеуді қажетсініп тұр. Әрі түсініксіз құрылған мәтіндер оқушының ойын жеткізіуіне тұсау салып, адымын аштырмайды. Мұндай жағдайда мектеп бітірушілерге орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді ғана емес, мәтінді пайдалануға рұқсат беру керек.

    • дұрыс айтасыз. сөзіңіз , пікіріңіз өте орынды. осы эссе тақырыптарын түзген адам алдымен өзі талдап , іштей саралап шықты ма екен әуелі? баланың миын қатырып не керек?

    • дұрыс айтасыз. сөзіңіз , пікіріңіз өте орынды. осы эссе тақырыптарын түзген адам алдымен өзі талдап , іштей саралап шықты ма екен әуелі? баланың миын қатырып не керек?

  4. Біз эссе жазу үшін барлық роман поэмаларды оқу қажет .оқып жүрмізде..мамандыгым 2 шет тілі…Д.тарих пен бірталай мамандык алып шығатын сяқтымын…Неге олай қыйнайды екен…еше бізге 1 жылдын жартысында белгілі болды..одан калса оку сауатт..деген керек емес нарсегой…эссе де жеткілікті..соныменде тіл байлығымыз байыйдығо…Эссені 1 жыл бурын аитканда бәлкім даиндалар ма едік..казірде шукір дайындықтамыз…бірақ бұлай қыйнаганы.(((Б1з роман окып еще убтка дайындалып ..тіпті уакыттымыз жок…миымыз шашылып..

  5. Тарихтан 30 нұсқа.1 нұсқада 30 билет.1билетте 3 сұрақ..1 ші сұрағы 1 парагрфке татыйды..2 де солай.3 шісі карта н/е баска…Орыс тілі тест болып калганда болатын еді..тындалым емес…Эссе жазу ушин окушы романдарды окып шыгу керек..олардын 1 жыл калганда алтын белгилерден бөлек 4ке окыйтын 3 ке окыйтын окугылар мулде улгермейдиго…

  6. Шыныменде,қосыламын.Эссе деген шың мəнісінде ой еркіндігі , яғни ойынды ашық түрде жеткізу емеспе, менің ойымша ,ия бұл романдарды оқу керек себебі əр қайсысының өзіндік мəң мағыналары ,яғни адамға берері көп. Бірақ мына 21 ғасырда оларды оқитын оқушы аз ау (бұл тек өз ойым) Расындада берілген тақырыптар анау айтқан ақын жазушылардың керемет поэма,поэзиялары , қазіргі кезде олардың 102 ме оның бəрін оқып үлгеруге тырысудамыз иə ,бірақ оның жанында тағы қосымша дайындалар үйренер ҰБТға дайындық өте толып жатыр (өз ойым) менің ойымша да бұл тақырыптар қиын болады деп есептеймін.;)

  7. Өзгермелі кезеңде тұрған білім саласында шакірттерімізге қолдау жасау үшін осындай желілік қоғамдастықтар өте қажет деп есептеймін.Оқу сауаттылығы бойынша да көмек алғым келеді.

  8. Каз білім орталығында дайындалған тест кітабын сатып алу арқылы оқу сауаттылығы бойынша дайындық жұмысынн табысты жүргізіп келемін.
    1- кітабының электронды нұсқасын осы жерден сатып алуға бола ма?Кітап дүкенінен 2- кітабын ғана алған едім.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА