22.11.2024

«Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

«Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді, – деп хабарлайды, білім және ғылым министрлігі баспа сөз қызыметі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ғылым ордасы» РМК 2017 жылдың 4 шілдесінде сағат 10-да «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында (Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, 3-қабат) Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.

Конференция абайтану мен Алаш қайраткерлері мұрасын тәуелсіздік жылдарында зерттелуін қамтыған мына мәселелер бойынша өтеді: 1.Абай ілімінің рухани жаңғырудағы орны; 2.Алаш қайраткерлері – Абай ілімін жалғастырушылар; 3. Жаңа ғасырдағы абайтану мәселелері.

Конференцияны Институт директоры, ҚР ҰҒА академигі У.Қ.Қалижанов кіріспе сөзбен ашады. Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы директоры Б.Жүнісбеков «Қазаққа емес, қараңғылыққа қапалы…» деген баяндамасында Абай мұрасының кеңестік кезеңде бұрмалануы туралы сыр шертеді. Ұлы ақынның шығармашылығын түбегейлі зерттеп жүрген белгілі абайтанушы-ғалым, филол.ғ.д., проф.М.Мырзахметұлы – «Абайдың «Толық  адам»  концепциясы және рухани  жаңғыру», ҚР ҰҒА академигі Х.М.Әбжанов – «Қазіргі тарих ғылымы және рухани жаңғыру», э.ғ.д., профессор О.Сәбден – «Абай ой-өркениетінің еліміздің рухани жаңғыруындағы үлесі», ҚР ҰҒА академигі М.Қ.Қойгелдиев – «Абай және қазақ ұлтшылдығы»,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филол.ғ.д., проф. Ж.Дәдебаев –  «Абайтану ғылымының дербес ғылыми-ақпараттық базасы», филос.ғ.д., проф. С.Е.Нұрмұратов – «Қазақ ағартушылығы және ұлттық руханият мәселесі»,  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к., проф. С.С.Қорабай – «Абайтану жаңа ғасырда», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, филол.ғ.к. С.Қожағұлов – «Абай танымындағы кемел ой, кәміл сенім»,  Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ғылыми қызметкері Г.Кашаку – «Абай тақырыбы Қазақстан суретшілерінің туындыларында», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филол,ғ.к. А.Қ.Машақова – «Абай шығармаларының шетелдік рецепциясы» деген тақырыптарда баяндамалар жасайды. Ал Өзбекстан Республикасындағы Халықаралық Туран академиясының академигі Қ.Сейданов «Абай және өзбек әдебиеті» атты тақырыпта баяндамасымен сөз сөйлейді.

Конференцияның арнайы шақырылған қонақтары:

Абайдың ұрпағы мен туыстары:

  1. Кәсира Исрайылқызы (Абайдың шөбересі, Ақылбайдың немересі),
  2. Еркежан Қизатоллақызы (Тәңірберген (Тәкежан) Құнанбайұлының ұрпағы);
  3. Нұргүл Әлішерқызы (Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың ұрпағы).

 

Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары: 8 (727) 272-74-11; 272-79-43; 390-06-16

Факс: 272-79-83.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА