Жоғары оқу орнына құжат тапсырушы талапкерлер үшін пайдасы зор жоба аясында биылғы ҰБТ сұрақтары мен жауаптарын республикалық Kazbilim орталығының мамандары әзірлеп ұсынып отыр. Аталған жоба аясында бас басылым басшысы Дархан Қыдырәлі мен республикалық Kazbilim орталығының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қою барысында газет басшысы Д.Қыдырәлі басылымның қазіргі отандық білім беру саласында орын алып жатқан жаңашылдықтар мен күрделі мәселелер төңірегінде оқырмандарға, соның ішінде мұғалімдер мен мектептің жоғары сынып оқушылары үшін пайдалы контент ұсынуды көздейтінін, сондай-ақ мұғалім абыройы мен мәртебесіне, білім беру мүмкіндіктерін ұлғайтуға байланысты мәселелерге редакцияның бей-жай қарамайтынын, осы тарапта ағартушылық бағытты күшейту арқылы білім саласына айтарлықтай қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді. Өз кезегінде республикалық Kazbilim орталығының жетекшісі А.Ахметжанұлы ел ішіндегі, шалғай елді мекендердегі білім саласындағы мәселелерге тоқталып, басылым басшылығының қолдауына ризашылық білдірді.
Сонымен бірге, Қазбілім қазақ баласының ертеңі үшін еңбек етуден аянып қалмақ емес. Ұжым алдағы уақытта оқушыларға өте қажетті психологиялық, момтивациялық жазбаларда беріп тұрамыз. Сонымен бірге, “Егеменде” шыққан барлық нұсқаларды видео лекиця ретінде youtube.com/kazbilimtvарнасында да онлайн талдап көрсету мақсатымыз бар. Түлектер, күтіңіздер, – деп атап, өтті республикалық Kazbilim орталығы жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»