Келесі оқу жылында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дайындық бөліміне құжат қабылдау жақын күндері басталады. Дайындық бөлімінде шетелдік азаматтар (этникалық қазақ болып табылатын) тыңдаушылар білім ала алады.
2018-2019 оқу жылына тыңдаушылардың құжаттарын қабылдау және тестілеу (білім сынағы) 2018 жылдың шілде – тамыз айының аралығында жүргізіледі. Дайындық бөлімінде оқу мерзімі 9 ай. Дайындық бөліміне 250-300 білім гранты бөлінеді. Грант иегерлеріне ай сайын шәкіртақы (степендия) төленеді және жатақханадан орын беріледі.
Дайындық бөліміне түсу ережелері мен процедураларын университеттің сайтынан http://www.enu.kz/ru/info/obyavleniya/30153/ қарауға болады.
Қазақстан Республикасының азаматы болап табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды қабылдау ережесі.
Дайындық бөлімі
Құжаттар тізімі:
- Үміткердің өтініші;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы) (төлқұжатта ұлты «қазақ» деп көрсетілмеген болса азаматы болып табылатын елдің Елшілігінен ұлты туралы анықтама алып келу)
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (нотариальды расталған көшірмесі және аудармасы)
- 3х4 көлеміндегі 6 дана фотосурет, конверт;
- 086у формасындағы дәрігерлік анықтама
Қабылдау комиссиясының мекен жайы: Сәтбаев көшесі, 2, бас ғимарат, 116 каб., Кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығы.
Телефон: +7(7172) 709 450, ішкі нөмір: 31-192
Немесе Республикалық «KAZBILIM» орталығына келіп тапсыруға да болады.
Мекен-жайы: Астана қаласы Тәуелсіздік көшесі 47/1. 8775 4318008. 8 (7172) 432 411.
Барлық сұрақтар бойынша Республикалық «KAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлының жеке өзіне хабарласа берсеңіздер де болады. Байланыс: 8 702 9318008.
Республикалық «KAZBILIM» орталығы баспасөз қызыметі.