22.11.2024

Лауазымды тұлғалар «Менің алғашқы мұғалімім» тақырыбына шығарма жазды

Қарашаның алтысы Астананың №1 мектеп-лицейінде ерекше күн болды. Оқу орны парталарына оқушылар ғана емес, мәслихат депутаттары, қала басқармалары мен әкімдікке қарасты құрылымдардың басшылары отырды. Сабақ әдеттегі кесте бойынша сағат 08.30-да басталып, лауазымды тұлғалар «Менің алғашқы мұғалімім» тақырыбына шығарма жазды.

Партаға отырғандардың қатарында Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агент­­тігінің Астана қаласы бо­йынша департаменті басшысы Жазира Жылқышие­ва, Мәдениет және спорт басқармасының бас­шысы Болат Мажағұлов, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Айтекенов, iKomek мониторинг және жедел әрекет ету қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова болды.
Сабақты бір күнге мектеп директорына және мұғалімге айналған 11-сынып оқушысы Айбол Қубаев өткізді. Сабақ жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұйымдастырылды.
«Астана әкімдігіндегі әріптестеріме ұсынысымызды қабыл алып, елгезектік танытқанына рақмет айтамын. Сабақ қазіргі білім бе­ру жүйесінде қолданылатын жаңашылдықтар бойынша өтті. Бүгінгі жүйеде балалар білімдерін өздері бағалайды. Соған сәйкес сабаққа қатысушылар өздеріне-өздері баға қойды. Олардың жазған шығармалары мектепте естелік үшін қалады. Осындай шараны жыл сайын ұйым­дастырамыз деп ойлаймын» деді Әнуар Жанғозин.
Қатысушылардың бәрі оқушы кездерін еске алып, бір серпіліп қалды. Мектепті Астана қаласы Целиноград болып аталғанда осындағы №11 мектепті бітіргенін айтқан Мирас Шекенов алғашқы мұғалімі Галина Савельева болғанын жеткізді. Жаннат Дүбірова Қостанайдағы математикалық бағыттағы гимназиядан түлеп ұшқан. Қатысушылардың бәрі де ұмытылмас әсер алғанын айтып, ұстаздар қауымын кә­сіби мерекелерімен құттықтады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА